Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары
1. Ғалымдардың болжауынша 40 мың жыл бұрын пайда болған адам түрі :
А) тік жүретін адам
В) сөйлейтін адам
С) қытай адамы
D) саналы адам
Е) епті адам
F) шебер адам
G) қарапайым адам
H) неандарталь адамы
Дұрыс жауабы:D.
Оқулық:: Қ.Жүкешев және тб, Адам.Қоғам. Құқық, 9-сынып Алматы «Мектеп» 2013, 5-бет
Ғалымдардың болжауынша, бұдан 40 мың жыл бұрын жер бетінде Homo sapiens (саналы адам) түрінің өкілі пайда болған
2.Қарым-қатынастың жақтарын анықтаңыз :
А) коммуникативті
В) преспективті
С) антогонистік
D) перцептивті
Е) монополистік
F) прогрессивті
G) интерактивті
H) ультимативті
Дұрыс жауабы: A,D,G.
Оқулық:: Қ.Жүкешев және тб, Адам.Қоғам. Құқық, 9-сынып Алматы «Мектеп» 2013, 34-бет
Қарым-қатынастың коммуникативті, интерактивті және перцептивті делінетін үш жағы болады. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы (лат. сommunication- біріктіремін, байланыстырамын)-адамдардың танымдық еңбек үдерісіндегі өзара әрекеттесуінің-ой, ақпарат, идея алмасуының өзіндік жүзеге асырылу формасы. Қарым-қатынастың интерактивті жағы(ағыл. іnteraction-өзара әрекеттесу, әсер ету)-адамдардың өзара әрекеттесуінің, тұлғааралық қатынастардың пайда болуы мен дамуы мәнінің әлеуметтік-психологиялық үдерістер мен құбылыстартардан туындайды және олардың өзара әрекеттесудің ортақ стратегиясын жасауынан көрініс береді. Қарым-қатынастың перцептивті жағы (лат.perceptio-қабылдау)-адамның әлеуметтік объектілерді қабылдау, түсіну және бағалауын, өзге адамның бейнесін қалыптастыру үдерісін көресетеді.
3. 1995 жылғы ҚР Конституциясына сәйкес Парламенттің екі палатасы:
А) Сенат
В) Дума
С) Мәслихат
D) Кеңес
Е) Конгресс
F) Сейм
G) Мәжіліс
H) Жиналыс
Дұрыс жауабы- A,G
Қазақстан Республикасының Парламенті – Қазақстан Республикасындағы заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілетті орган. Ол екі палатадан-Сенат пен Мәжілістен тұрады
Оқулық:: Қ.Жүкешев және тб, Адам.Қоғам. Құқық, 9-сынып Алматы «Мектеп» 2013, 145-бет
4. Қоғамдық өмірдің экономикалық аясына жататын ұғымдар :
А) білім
В) тәрбие
С) құқық
D) өнер
Е) көлік
F) сезім
G) сайлау
H) еңбек
Дұрыс жауабы- E,H
Оқулық:: Қ.Жүкешев және тб, Адам.Қоғам. Құқық, 9-сынып Алматы «Мектеп» 2013, 54-бет
Қоғамдық өмірдің экономикалық аясы шеңберінде белгілі бір экономикалық уклад негізінде өндірісті ұйымдастыру, өндірістік қатынастар, адамның еңбегі, соған тиісті алатын материалдық игіліктері-тұрғын үймен, киіммен, тамақпен, көлікпен, тағы басқа заттармен қамтамасыз етілу мәселелері қарастырылады.
5. Конституциялық монархияға жататын елдер :
А) Қытай
В) Италия
С) Иран
D) АҚШ
Е) Ұлыбритания
F) Ресей
G) Жапония
H) Германия
Дұрыс жауабы- E,G
Конституциялық монархия деп аталатын басқару формасындағы елдердің алдыңғы легінде қазір Ұлыбритания, Жапония сияқты мемлекеттер тұр.
Оқулық:: Қ.Жүкешев және тб, Адам.Қоғам. Құқық, 9-сынып Алматы «Мектеп» 2013, 99-бет
6. Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік органдарға жатады :
А) Ұлттық қауіпсіздік қызметі
В) Өртке қарсы қызмет
С) ҚР прокуратурасы
D) Мемлекеттік Күзет қызметі
Е) Ішкі істер органдары
F) ҚР Жоғарғы Соты
G) Сыртқы барлау қызметі
H) Коррупцияға қарсы қызмет
Дұрыс жауабы- A,D,G
Оқулық:: М.Изотов және тб, Адам.Қоғам. Құқық, 11-сынып Алматы
« Мектеп» 2015, 250-бет
Сонымен қатар арнаулы мемлекеттік органдар да бар. Оларға ұлттық қауіпсіздік комитеті, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органдар, ҚР Мемлекеттік Күзет қызметі жатады. Арнаулы мемлекеттік органдар ҚР Президентіне тікелей бағынады және есеп береді. ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштерінің құрамдас бөлігі болып табылады. Олар ҚР ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнуіне жол бермеу мақсатында және жедел іздестіру мен техникалық шаралар кешенін жүзеге асыру үшін құрылған.
7. Азаматтық құқық объектісі бола алмайды :
А) тұрғын үйлер
В) еңбек құралдары
С) жабайы аңдар дүниесі
D) ұлттықкітапханалар
Е) көлдер мен өзендер
F) өсімдіктер дүниесі
G) киім және көліктер
H) құнды қағаздар
Дұрыс жауабы- C, D,E
Мемлекеттік меншіктегі объектілер – жолдар, өзендер, көлдер, ұлттық кітапханалар, жабайы аңдар дүниесі, тб азаматтық құқық объектісі бола алмайды.
Оқулық:: Қ.Жүкешев және тб, Адам.Қоғам. Құқық, 9-сынып Алматы «Мектеп» 2013, 149-бет
8. Аумақтық-мемлекеттік құрылысы бойынша унитарлы мемлекетке жататындар :
А) Франция
В) Қазақстан
С) Бразилия
D) АҚШ
Е) Польша
F) Ресей
G) Үндістан
H) Германия
Дұрыс жауабы- А,В,Е
Оқулық:: М.Изотов және тб, Адам.Қоғам. Құқық, 10-сынып Алматы
« Мектеп» 2014, 148-бет
Унитарлы мемлекетте бірегей өкілеттілік, атқарушы және сот органдары болады. Бүкіл аумақта бірдей ақша жүйесі, бірегей азаматтылық, бірегей заң шығарушы және де құқықтық жүйе жүзеге асырылады. Мемлекеттік құрылыстың бұл формасы ең кең тараған(Англия, Франция, Испания, Қазақстан, Венгрия, Польша және тб)
9. Қоғамдық ғылымдардың ұғымдық аппаратына жатады :
А) құқық
В) мемлекет
С) реакция
D) машина
Е) ағза
F) энергия
G) саясат
H) жасуша
Дұрыс жауабы- А,В,G
Оқулық:: М.Изотов және тб, Адам.Қоғам. Құқық, 10-сынып Алматы
« Мектеп» 2014, 27-бет
Әр ғылымның өзіндік ұғымдық аппарат деп аталатын кең ұғымдар жүйесі болады. Қоғамдық ғылымдардың негізін өндіріс, мемлекет, құқық, саясат, қоғам және т.б. ...ұғымдар құрайды.
10. ҚР азаматтығын дәлелдейтін құжаттар:
А) туу туралы куәлік
В) жеке куәлік
С) сенімхат
D) төлқұжат
Е) зейнет куәлігі
F) мұрахат
G) рұқсатнама
H) жүргізуші куәлігі
Дұрыс жауабы- A,B,D
Оқулық:: М.Изотов және тб, Адам.Қоғам. Құқық, 10-сынып Алматы
« Мектеп» 2014, 197-бет
Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты болып табылады. Он алты жасқа дейінгі баланың азаматтығы оның туу туралы куәлігімен, ата-анасының қайсысының болса да төлқұжатымен расталады.
Ғалымдардың жорамалдауынша бұдан 40 мың жыл бұрын Жер бетінде пайда болған ежелгі адам атауы:
А) Homo sapiens (саналы адам)
В) Епті адам
С) Тік жүретін адам
Д) Синантроп
Достарыңызбен бөлісу: |