Қазақстан Республикасының Конституциясы


-бап. Салық салынатын табысты азайту



Pdf көрінісі
бет108/131
Дата07.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#20204
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   131
Байланысты:
kz-konstituciyasy

133-бапСалық салынатын табысты азайту 
1. Салық төлеушінің салық салынатын табысты мынадай шығыс түрлеріне: 
1) салық салынатын табыстың 3 процентінен аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде: 
нақты  шеккен  шығыстардың  осы  Кодекстің  97-бабының  2-тармағында  көзделген 
әлеуметтік  сала  объектілерін  пайдаланған  кезде  алуға  жататын  (алынған)  табыстардан 
асып түскен сомасын; 
коммерциялық  емес  ұйымдарға  және  қызметін  әлеуметтік  салада  жүзеге  асыратын 
ұйымдарға  өтеусіз  негізде  берілген  мүліктің  құнын.  Өтеусіз  орындалған  жұмыстардың, 
көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстарды орындаумен, қызметтер көрсетумен 
байланысты  шеккен  шығыстар  мөлшерінде  айқындалады.  Өтеусіз  берілген  өзге  де 
мүліктің  құны  аталған  мүлікті  қабылдау-беру  актісінде  көрсетілген,  берілген  мүліктің 
баланстық құны мөлшерінде айқындалады
көмекті алатын тұлғаның тарапынан өтініш жасалу негізінде салық төлеушінің шешімі 
болған кездегі демеушілік және қайырымдылық көмекті; 
2) мүгедектердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстардың 2 еселенген мөлшерін 
және  мүгедектердің  жалақысының  және  басқа  да  төлемдердің  есептелген  әлеуметтік 
салық сомасының 50 процентін
3)  жеке  тұлға  салық  төлеушіде  кемінде  үш  жыл  жұмыс  істеу  міндеттемесі  туралы 
шартты  жасасқан  жағдайда,  салық  төлеушімен  еңбек  қатынастарында  тұрмаған  жеке 
тұлғаны оқытуға арналған шығыстарды
Осы тармақшаның мақсатында оқытуға арналған шығыстар: 
оқытуға ақы төлеуге жұмсалған нақты шығыстарды
Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  белгілеген  нормалар  шегінде  тұруға  жұмсалған 
нақты шығыстарды; 
оқитын  адамға  салық  төлеуші  айқындаған  мөлшерде,  бірақ  Қазақстан 
Республикасының  Үкіметі  белгілеген  нормалардан  аспайтын  ақша  сомасын  төлеуге 
арналған шығыстарды; 
оқуға түскен кезде оқу орнына және оқу аяқталғаннан кейін қайту жолына жұмсалған 
нақты шығыстарды қамтиды. 
Осы тармақшаның ережелері: 
жеке  тұлғаның  өзін  оқыту  аяқталған  салық  кезеңін,  сондай-ақ  одан  кейінгі  салық 
кезеңін  қамтитын  уақыт  кезеңі  ішінде  оқыту  шығыстарын  толық  немесе  ішінара  өтеуі 
жағдайын  қоспағанда,  оқыту  шығыстары  бойынша  осы  тармақшаның  ережелері 
қолданылған  жеке  тұлғамен  оны  оқыту  аяқталған  күннен  бастап  үш  ай  ішінде  еңбек 
шарты  жасалмаған  жағдайда  қолданылмайды.  Осындай  өтеу  жағдайында  осы 
тармақшаның  ережелері  жеке  тұлға  өтемеген  оқыту  шығыстарының  сомасы  мөлшерінде 
қолданылмайды; 
жеке тұлғаның еңбек шарты бұзылған салық кезеңін, сондай-ақ кейінгі салық кезеңін 
қамтитын уақыт кезеңі ішінде оқыту шығыстарын толық немесе ішінара өтеуі жағдайын 
қоспағанда,  оқыту  шығыстары  бойынша  осы  тармақшаның  ережелері  қолданылған  жеке 
тұлғамен,  мұндай  тұлғамен  еңбек  шартын  жасасу  күнінен  бастап  үш  жыл  өткенге  дейін 
еңбек  шартының  бұзылуы  жағдайында  қолданылмайды.  Осындай  өтеу  жағдайында  осы 
тармақшаның  ережелері  жеке  тұлға  өтемеген  оқыту  шығыстарының  сомасы  мөлшерінде 
қолданылмайды; 
жер  қойнауын  пайдаланушының  оқытудың  осындай  шығыстарына  қатысты  осы 
Кодекстің 112-бабының ережелерін қолдануы жағдайында қолданылмайды; 


4)  осы  Кодекстiң  135-1-бабының  1-тармағында  айқындалған  дербес  білім  беру 
ұйымдарына өтеусiз негiзде берiлген мүліктің құнын; 
5)  ғылым  саласындағы  уәкілетті  органның  қорытындысы  бойынша  ғылыми-зерттеу, 
ғылыми-техникалық  және  (немесе)  тәжірибелік-конструкторлық  деп  танылған 
жұмыстарды  орындауға  тиісті  салық  кезеңдерінде  нақты  жұмсалған  шығыстардың  50 
пайызы  мөлшерінде  азайтуға  құқығы  бар.  Осы  тармақша  Қазақстан  Республикасының 
аумағында  көрсетілген  жұмыстардың  нәтижесі  енгізілген  жағдайда,  өнертабысты, 
пайдалы  модельдерді,  өнеркәсіптік  үлгілерді  қорғау  саласындағы  уәкілетті  мемлекеттік 
орган салық  төлеушіге берген, осындай жұмыстарды жүзеге  асыру  нәтижесінде алынған 
өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған қорғау құжаттары болған кезде қолданылады. 
Ғылыми-зерттеу,  ғылыми-техникалық  және  (немесе)  тәжірибелік-конструкторлық 
жұмыстарға  жатқызылатын  жұмыстардың  тізбесін,  Қазақстан  Республикасының 
аумағында 
ғылыми-зерттеу, 
ғылыми-техникалық 
және 
(немесе) 
тәжірибелік-
конструкторлық  жұмыстардың  нәтижесін  енгізуді  растау  тәртібін,  сондай-ақ 
қорытындының  нысаны  мен  оны  беру  тәртібін  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі 
бекітеді. Бұл ретте салық төлеушінің қорғау құжатын алуға арналған шығыстары ғылыми-
зерттеу,  ғылыми-техникалық  және  (немесе)  тәжірибелік-конструкторлық  жұмыстарды 
орындауға арналған шығыстар деп танылмайды. 
2. Салық төлеушінің мынадай табыс түрлеріне салық салынатын табысты: 
1)  негізгі  құралдардың,  жылжымайтын  мүлікке  инвестициялардың,  биологиялық 
активтердің қаржы лизингі бойынша сыйақыны
2)  борыштық  бағалы  қағаздар  бойынша  сыйақыны  есебіне  жатқызу  күні  Қазақстан 
Республикасының  аумағында  жұмыс  істейтін  қор  биржасының  ресми  тізімінде  болатын 
осындай сыйақыны; 
3)  мемлекеттік  эмиссиялық  бағалы  қағаздар,  агенттiк  облигациялар  бойынша 
сыйақыны; 
3-1)  мемлекеттік  эмиссиялық  бағалы  қағаздарды  өткізуден  шеккен  залалдарға 
азайтылған  мемлекеттік  эмиссиялық  бағалы  қағаздарды  өткізу  кезінде  құн  өсімінен 
түсетін табыстарды; 
3-2)  агенттік  облигацияларды  өткізуден  туындаған  залалдарға  азайтылған  агенттік 
облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды; 
4)  табиғи  және  техногендік  сипаттағы  төтенше  жағдайлар  туындаған  жағдайда 
гуманитарлық көмек түрінде алынған және мақсатты пайдаланылған мүліктің құнын; 
5) 
республикалық 
мемлекеттік 
кәсіпорын 
мемлекеттік 
органнан 
немесе 
республикалық  мемлекеттік  кәсіпорыннан  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  шешімі 
негізінде өтеусіз негізде алған негізгі құралдардың құнын
6)  заңды  тұлғадағы  немесе  консорциумдағы  акцияларды,  қатысу  үлестерiн  өткізуден 
туындаған залалдарға азайтылған, заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, 
қатысу  үлестерiн  өткізу  кезінде  құн  өсімінен  түсетін  табыстарды  азайтуға  құқығы  бар. 
Осы тармақша бір мезгілде мынадай: 
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды 
немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі
эмитент заңды тұлғаның немесе онда қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе 
қатысу  үлесін  консорциумда  өткізетін  осындай  консорциумға  қатысушының  жер 
қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;  
эмитент  заңды  тұлға  немесе  өзіндегі  қатысу  үлесі  өткізілетін  заңды  тұлға  активтері 
құнының  немесе  өзіндегі  қатысу  үлесі  өткізілетін  консорциумға  қатысушылар  активтері 
жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар 
(жер  қойнауын  пайдаланушы)  болып  табылатын  тұлғалардың  (тұлғаның)  мүлкi  құрау 
талаптары орындалған кезде қолданылады. 


Жерасты  суларын  өз  мұқтажы  үшін  өндіру  құқығына  ие  болғандықтан  ғана  жер 
қойнауын  пайдаланушы  болып  табылатын  осындай  пайдаланушы  осы  тармақшаның 
мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды
7)  өткізу  күнi  Қазақстан  Республикасының  аумағында  жұмыс  iстейтiн  қор 
биржасының  ресми  тiзiмдерiнде  болатын  бағалы  қағаздарды  осы  қор  биржасында  ашық 
сауда-саттық әдiсiмен өткізуден туындайтын залалдарға азайтылған, өткізу күнi Қазақстан 
Республикасының  аумағында  жұмыс  iстейтiн  қор  биржасының  ресми  тiзiмдерiнде 
болатын  бағалы  қағаздарды  осы  қор  биржасында  ашық  сауда-саттық  әдiсiмен  өткізу 
кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстарға азайтуға құқығы бар. 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет