Қазақстан Республикасының Конституциясы



Дата20.04.2022
өлшемі2,5 Mb.
#31636
Байланысты:
ҚРконституциясы

  • Орындаған:Түркпенбаева Қарақат
  • Шауенова Айкөркем
  • Сапар Айдана
  • Шабданова Жұлдызай
  • Тексерген: Калдыбаева С. С.
  • Конституция, Ата Заң (латынның лат. constitutio яғни «құрылым» сөзінен шыққан) Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы. Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады.
  • Адам тумасынан өзіне қажетті құқықтар мен бостандықтарға ие. Ал ол өз мемлекетінің азаматтығын алғаннан кейін азаматтық құқықтарға ие болып, тиісті міндеттерді қоса атқаруға тиіс. Конституцияда адамды қастерлеу, құрметтеу, адамгершілік сезімдеріне үлкен маңыз берілген. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығы заң жүзінде қорғалған. Заң бойынша адамның жеке басының қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Конституцияның 19-бабында Әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы деп жазылған. Адамдардың ар-ождан бостандығына заң жүзінде толық кепілдік берілген. Республика азаматтарының заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстауында, оны мұраға қалдыруына конституциялық кепілдік жасалған.
  • Конституциядағы көрсетілген ҚР азаматтарының міндеттері мен құқықтары
        • Қазақстан Республикасының Конституциясы —Қазақстан Республикасының ата заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
  • Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жыл

  • Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:
  • халықтық егемендік
  • мемлекет тәуелсіздігі
  • билікті бөлісу принципі
  • қазақ тілін мемлекеттік деп тану
  • Президентті мемлекет басшысы деп тану
  • сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы
  • 1995 жылы
  • 1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
  • 1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
  • Конституция құрылымы
  • I бөлім. Жалпы ережелер
  • II бөлім. Адам және азамат
  • III бөлім. Президент
  • IV бөлім. Парламент
  • V бөлім. Үкімет
  • VI бөлім. Конституциялық кеңес
  • VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
  • VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және
  • өзін-өзі басқару
  • IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
  • Н.Ә.Назарбаев: «…кез келген елдегі конституциялық үдеріс Конституцияны қабылдаумен тоқтамайды, әлеуметтік-экономикалық және саяси үдерістерді заңгерлік көмкеру қоғамда болып жатқан динамикаға сәйкес болып қана қоймай, сонымен бірге одан озып кетуге тиіс» деп атап көрсетті.
  • Осыған байланысты 1998 және 2007 жылдарда Конституцияға Президент пен Парламенттің өкілеттіктерін қайта бөлген елеулі өзгерістер енгізілді. Өзгерістер 2011 жылы да енгізілді, бұл өзгерістермен президентке президент сайлауларын мерзімінен бұрын өткізу құқығы берілді. Қазақстандық қоғамды демократияландыруды дамыту белгілерінің бірі ел Президентінің бастамасымен туындаған селолық деңгейдегі әкімдерді сайлау идеясы болып табылады және тәуелсіз Қазақстан тарихында жергілікті билік органдары басшыларының сайлауы алғашқы рет 2013 жылғы 5-9 тамызда табысты өткізілді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет