Мақсаты: аяқтағы тырнақты алу.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
Дайындаңыз: ішінде жылы суы бар ыдысты, сабынды (сұйық), резеңке қолғаптарды, қайшыны, тістеуікті, егеуішті, аяққа арналған кремді, лотокты, сүлгіні, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа алда болытын емшараның барысын түсіндіріңіз.
Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеңіз. Антисептиктікті қолдану арқылы қолды өңдеу: қолды сабынмен және сумен жуыңыз ( 8-тармаққа сәйкес) және тері антисептигімен дезинфекциялаңыз. Қолғапты киіңіз.
Науқасты отырғызыңыз немесе оны кушеткаға жатқызыңыз.
Азғана сұйық сабын қосқан жылы суы бар шылапшынға науқастың аяқ басын салыңыз.
Науқастың аяқ басын судан кезекпен шығарып алыңыз. Оны сүртіп, сүлгіге орналастырып, аяғындағы тырнағын арнайы тістеуікпен немесе қайшымен тиянақты қиып алыңыз.
Тырнақтарды егеуішпен және тістеуікпен өндеңіз.
Науқастың аяқ басына және табанына крем жағыңыз.
Қайшыны, тістеуікті, егеуішті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, ал сүлгіні – киімге арналған қапқа салыңыз.
Қолыңызды жуып, сүлгімен кептіріңіз.
Науқасты қырындыру
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
Қолдану көрсетілімдері: халі ауыр жағдайдағы науқас.
Қарсы көрсетілімдері: беттің жарақаты.
Дайындаңыз: суға арналған ыдысты, компресс жасауға арналған салфетканы, сүлгіні, қырынуға арналған станокты, жаққышты, қауіпсіз ұстараны, қырынуға арналған сықпаны, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қолғаптарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеңіз. Антисептиктікті қолдану арқылы қолды өңдеу: қолды сабынмен және сумен жуыңыз ( 8-тармаққа сәйкес) және тері антисептигімен дезинфекциялаңыз. Қолғапты киіңіз.
Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.
Үлкен салфетканы ыстық суға салып (400-500С) ылғалдатып, сығып оны науқастың бетіне 1 минутқа қойыңыз, сосын оны алыңыз.
Науқастың бет терісіне қырынуға арналған сықпаны арнайы жаққыш көмегімен жағыңыз.
Терісін тартыңқырап ұстараның бағытынан кері бағытқа жылжытып, науқасты қырындырыңыз.
Науқастың бетін ылғалды салфеткамен сүртіңіз, сосын құп-құрғақ қылып құрғатыңыз.
Қырындырған заттарды зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, қолғапты және салфеткаларды ҚЖАК салыңыз.