Қазақстан Республикасының мемелекеттік мерекелері туралы Заң


-бап. Жоғары техникалық мектептер



бет18/34
Дата14.11.2022
өлшемі102,63 Kb.
#50067
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34
34-бап. Жоғары техникалық мектептер
35-бап. Жоғары білім беру
1. Жоғары білімді жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтар алады. Азаматтың конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар. 2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында iске асырылады. 3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға "бакалавр" дәрежесі беріледі немесе "маман" біліктілігі беріледі. 4. Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді жүргізу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары инновациялық-білім беру консорциумын құруға және (немесе) оған кіруге құқылы.
36-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жоғары білімі бар азаматтар алады. 2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметтің негізгі бейіні мен кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың магистратурасында, резидентурасында және докторантурасында, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын бекiтiлетiн мамандықтар тiзбесiне сәйкес күндiзгi оқыту нысаны бойынша жетекші шет елдердiң жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға жiберу арқылы жүзеге асырылады. 3. Кадрларды магистратурада даярлау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары базасында 1) кемінде екі жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік; 2) кемінде бір жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады. 4. Кадрларды докторантурада даярлау магистратураның білім беру бағдарламалары базасында: 1) кемінде үш жылдық оқыту мерзімімен ғылыми-педагогтік; 2) кемінде үш жылдық оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады. 5. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтік білім беру резидентураны, магистратура мен докторантураны қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет