Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы
________ № ________
бұйрығына 1-қосымша
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі
Орта білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі:
Білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша:
күнтізбелік-тақырыптық жоспар;
сабақ жоспары;
орта білім беру ұйымдарының педагогына арналған пән бойынша критериалдық бағалау туралы мәліметтер;
білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді тәрбиелеу бойынша (топ жетекшісінің міндетін атқарушы педагог):
1) тәрбие жұмысының жоспары;
2) ата-аналар жиналысының хаттамасы;
1.3. әдістемелік көмек көрсету бойынша (оқу, тәрбие және тағы басқа жұмыстары бойынша директордың орынбасары (әдіскер) лауазымдық міндеттеріне сәйкес):
оқу-әдістемелік жұмысының жоспары;
1.4. білім беру қызметін ұйымдастыру бойынша (директордың орынбасары (оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысы және тағы басқа) лауазымдық міндеттеріне сәйкес):
оқу жылына жұмыс жоспары;
педагогтардың оқу жүктемесі (тарифтеу) туралы мәліметтер;
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары үшін міндетті құжаттар тізбесі:
білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша:
1) күнтізбелік-тақырыптық жоспар;
2) сабақ жоспары;
білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді тәрбиелеу бойынша (топ жетекшісінің міндетін атқарушы педагог):
1) тәрбие жұмысының жоспары;
2) ата-аналар жиналысының хаттамасы;
білім беру қызметін ұйымдастыру және әдістемелік көмек көрсету бойынша (директордың орынбасары (оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысы және тағы басқа) лауазымдық міндеттеріне сәйкес):
оқу жылына жұмыс жоспары;