Қазақстан Республикасының мемелекеттік мерекелері туралы Заң


-бап. Білім беру ұйымының жарғысы



бет22/34
Дата14.11.2022
өлшемі102,63 Kb.
#50067
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34
Байланысты:
зандар жинаг

41-бап. Білім беру ұйымының жарғысы
1. Білім беру ұйымының жарғысы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген талаптардан басқа, мыналарды: 1) іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесін; 2) білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібін; 3) білім беру процесін ұйымдастыру тәртібін (оның ішінде оқыту және тәрбиелеу тілін (тілдерін), білім алушылардың, тәрбиеленушілердің сабақ режимін); 4) білімдерді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау жүйесін, оларды өткізудің нысандарын және тәртібін; 5) ақылы қызмет көрсетудің тізбесін және тәртібін; 6) білім беру ұйымының білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және (немесе) олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен қатынастарын ресімдеу тәртібін қамтуға тиіс. 2. Білім беру ұйымының жарғысында оның қызметіне қатысты және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер қамтылуы мүмкін. 3. Білім беру ұйымының жарғысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіледі.
42-бап. Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату
1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми-білім беру қызметі жөніндегі заңды тұлғаларды құруын, қайта ұйымдастыруын және таратуын қоса алғанда, білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 2. Білім беру ұйымы білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан айырылған немесе таратылған жағдайда оның құрылтайшысы (құрылтайшылары) білім алушыларды оқуын жалғастыру үшін басқа білім беру ұйымдарына ауыстыруға шаралар қолданады.
43-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті
1. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарының қызметі туралы үлгілік ережелер мен білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шектерде оқу-тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады. 2. Білім беру ұйымдары өз қызметін жария түрде жүзеге асырады, жұртшылықты оқу, ғылыми-зерттеу және қаржы қызметі туралы хабардар етеді. 6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған оқыту-сауықтыру білім беру ұйымдары: 1) жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын іске асырады; 2) балалардың, оның ішінде өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін балалардың сауықтырылуын, демалысын ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады; 3) балалардың сауықтырылуы, демалысы уақытында жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруіне жағдайлар жасайды; 4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді; 5) зияткерлік және имандылық дамуды қамтамасыз ететін инновациялық педагогикалық әдістер мен технологияларды әзірлейді; 6) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, ғылыми-әдістемелік құралдар мен ұсынымдарды, оның ішінде олардың электрондық түрдегілерін, сондай-ақ имандылық-рухани даму саласындағы мерзімді және сериялы басылымдарды әзірлейді және басып шығарады; 7) имандылық-рухани даму саласында педагогтерді қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады; 8) имандылық-рухани даму мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет