5 - тақырып. Үйіліп төгілетін жүктерді тасымалдау.
Үйілген жүктер мынадай үлкен екі топқа бөлінеді:
ашық орында сақталатын – бұларға жауын-шашын (жаңбыр,жел және т.с.с.) зиян келтірмейді;
жабық орында сақталатын – бұлар жауын-шашыннан қорғауды қажет етеді.
Көмір, темір кені, құрылыс материалдары және т.с.с. ашық орында сақталатын кең таралған жүктер болып табылады.
Астық, минералды тыңайтқыштар және т.с.с. жабық орында сақталатын кең таралған жүктер деп есептеледі.
Үйілген жүктер мынадай қасиеттеріне қарай сипатталады:
кесектілігі немесе жүктердің гранулометриялық құрамы, мысалы, ірі кесекті (160 мм-ден астам), орташа кесекті (60-160 мм), ұсақ кесекті (10-60 мм), ұсақ түйіршікті (0,5-2 мм), ұнтақ тәрізді (0,05-0,5 мм) және тозаң тәрізді (0,05 мм-ден кем), оны жүктің арнайы таңдалған үлгісін електен өткізу әдісімен анықтайды;
көлемдік массасы немесе тығыздығы табиғи күйдегі үйілген жүктің көлем бірлігінің массасын сипаттайды, кг/м3:
,
мұндағы: m -жүктің массасы, кг;
v –жүктің (үйіндінің)жалпы көлемі,м3 ;
табиғи еңістік бұрышы – p, градус;
нығыздалғыштығы, яғни кейбір үйілген жүктердің ұзақ сақтаудан сусымалылығы мен бөлшектерінің өзара қозғалғыштығынан айрылу қасиеті. Тасымалдау және сақтау барысында жүк нығыздалып қалуы мүмкін, бұл тиеу-түсіру машиналарының жұмысына әсер етеді. Цемент, әк (известь), саз, сода, мырыш тотығы, ұнтақ кремний тотығы, әр түрлі минералдық тыңайтқыштар және т.с.с. нығыздалатын жүктерге жатады. Жүктердің ас тұзы, құмшекер секілді кейбір түрлері аса ылғалдылықтан ғана нығыздалады. Үйілген жүк қабатының биіктеуіне қарай оның нығыздалғыштығы да артады. Қысымның көптігінен үйілген жүктің төменгі қабаты нығыздалғыш келеді;
Достарыңызбен бөлісу: |