143
сыныптарына арналған Информатика пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша
үлгілік оқу бағдарламасы» (№9 қосымша) бойынша жүзеге асырылады 5-9
сыныптардағы «Информатика» пәнін оқыту білім алушыларды қазіргі заманғы
ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін компьютерлік
жүйелер, ақпараттық процестер, компьютерлік
ойлау саласындағы базалық
біліммен және дағдылармен қамтамасыз етуге бағытталаған.
«Информатика» оқу пәні бойынша
оқу жүктемесінің жоғары шекті
көлемі:
5-сыныпта аптасына 1
сағаттан, оқу жылында 34 сағат;
6-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.
7-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат;
8-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.
9-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.
7-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің
базалық білім мазмұны
келесі бөлімшелер мен тақырыптарды қамтиды:
1) «Компьютердің құрылғылары»: «Компьютердің жады түрлері (жедел
есте сақтау құрылғысы, тұрақты есте сақтау құрылғысы, сыртқы жады, кеш-
жады)»;
2) «Программалық қамтамасыз ету»: «Бірдей ақпаратты сақтайтын түрлі
форматтағы файлдардың өлшемдерін салыстыру». «Ақпаратты қысу,
архиватор-бағдарламалар» «Мұрағаттарды құру және ашу»;
3) «Компьютерлік желілер»: «Компьютерлік
желінің мақсаты, жіктелуі
(ауқымы бойынша, топологиясы бойынша, тиістілігі бойынша)»;
4) «Ақпаратты ұсыну және өлшеу»: «Ақпаратты өлшеу бірліктері,
ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқаға аудару»;
5) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру»: «Мәтіндік
процессордағы кестелерді жасау, өңдеу және пішімдеу», «Электрондық
кестелер, электрондық кестенің негізгі ұғымдары», «Деректерді енгізу,
редакциялау
және пішімдеу, маркер толықтыру», «Деректер типтері»,
«Формулалар енгізу», «Шартты пішімдеу», «Диаграммаларды құру»;
6) «Алгоритмдер»: «Салынған және құрамдас шарттарды, тармақталған
алгоритмдерді программалау»;
7) «Программалау»: «Файлдарды оқу және жазу»;
8) «Эргономика»: «Пайдаланушы интерфейстерінің эргономикалығын
анықтау»;
9) «Ақпараттық қауіпсіздік»: «Ақпаратты
зиянды бағдарламалардан
қорғау».
8-сыныпқа арналған «Информатика» оқу пәнінің базалық білім мазмұны
келесі бөлімшелер мен тақырыптарды қамтиды:
1) «Компьютердің құрылғылары»: «Процессор және оның негізгі
сипаттамалары»;
2) «Компьютерлік желілер»: «Компьютерлік желінің өткізу қабілеті»;
3) «Ақпаратты ұсыну және өлшеу»: «Ақпараттың көлемін бағалаудың
алфавиттік тәсілі»;
144
4) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру»: «Электрондық
кестелердегі деректер пішімдері», «Абсолюттік
және салыстырмалы
сілтемелер», «Функциялар графиктерін құру», «Кірістірілген
функцияларды
пайдалану: математикалық (қосындысы, көбейтіндісі, дәрежесі), статистикалық
(ең төменгі, ең жоғары, орташа, саны), логикалық (егер)»;
5) «Модельдеу»: «Python (пайтон) программалау ортасында модельдер
құру»;
6) «Алгоритмдер»: «Алгоритм трассировкасы»;
7) «Программалау»: «Цикл операторлары (параметрі бар цикл,
алғышартты цикл, кейінгі шартты цикл)»;
8) «Эргономика»: «Электрондық құрылғылардың адам ағзасына әсері»,
«Электрондық құрылғылардың теріс әсерінен қорғау тәсілдері»;
9) «Ақпараттық қауіпсіздік»: «Желідегі пайдаланушының қауіпсіздігі:
алаяқтық, интернеттегі агрессия».
Достарыңызбен бөлісу: