Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу (модо) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021



бет1/2
Дата27.11.2023
өлшемі1,53 Mb.
#129582
  1   2

Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу (МОДО)

Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу (МОДО)


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығы.
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ немесе ВОУД)
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ (ББЖМ) болып өзгертілді.
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу тәртібі
Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ Заңның 55-бабының 4-тармағына сәйкес 4 және 9-сынып білім алушыларының арасында жүргізіледі.
ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдана отырып, оқыту тілінде үш бағыт бойынша жүргізіледі:
  • оқу сауаттылығы,
  • математикалық сауаттылық,
  • жаратылыстану-ғылыми сауаттылық

ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдана отырып, оқыту тілінде екі бағыт бойынша жүргізіледі:
  • математикалық сауаттылық,
  • жаратылыстану-ғылыми сауаттылық

  • үш тілде (орыс, қазақ және ағылшын) бір бағыт бойынша жүргізіледі:
    - оқу сауаттылығы
  • Тестілеу жыл сайын сәуір айында тестіленушілер оқитын орта білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.
  • ББЖМ-ға үйде (денсаулық жағдайы бойынша) немесе ұзақ уақыт емдеуді қажет ететін балаларға арналған санаторийлік үлгідегі сауықтыру мекемелерінде білім алушылардан, сондай-ақ тестілеу кезінде объективті себептермен (денсаулық жағдайы бойынша, жақын туыстары қайтыс болған жағдайда, жарыстар мен олимпиадаларға қатысуына байланысты) қатыспаған адамдардан басқа білім алушылар қатысады.

Білім беру саласындағы уәкілетті орган қатысушылар мен жұртшылықты іс-шараға дайындық жұмыстары мен өткізілуі туралы бір ай бұрын хабардар етеді.
ББЖМ жүргізілетін орта білім беру ұйымдарының тізбесін жыл сайын Заңның 55-бабының 6-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайды.
Білім беру ұйымдары мынадай параметрлер бойынша іріктеледі:
- аумақтық тиістілігі (қала, ауыл);
- жалпы білім беретін мекемелердің түрлері (жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназия, мектеп-гимназия, мектеп-лицей);
- білім алушылар контингенті;
- оқыту тілі (қазақ/орыс);
- білім беру ұйымдарының қатысу пайызы (25%).
Жыл сайын бұл саннан өткен оқу жылдары ББЖМ-ға қатысқан білім беру ұйымдары алынып тасталады.
Білім беру ұйымдарын іріктеу оларды кездейсоқ іріктеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуге қалыптастырылған жұмыс тізімін жүктеу нәтижесінде жүзеге асырылады.
Шектеу іс-шаралары, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің шешімі немесе облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының ұсыныстары негізінде ББЖМ-ды өткізбеу туралы шешім қабылдайды.
Тестілеу тапсырмаларының санын, мазмұны мен нысанын, сондай-ақ тестілеуге бөлінетін сағат санын МЖБС-ға сәйкес тест спецификациясы айқындайды.
Тест спецификациясын «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (ҰТО/НЦТ) әзірлейді.
http://www.testcenter.kz/ru/shkolnikam/spetsifikatsii-testov-modo/
Тестілеу басталғанға дейін Министрліктің уәкілетті өкілі компьютерлік аудиториялардың дайындығын тексереді және тестіленушінің жеке коды бар отырғызу парақтары бойынша тестіленушілерді сәйкестендіруді білім беру ұйымы ұсынған білім алушылардың тізіміне сәйкес жүзеге асырады.
Тестілеу басталар алдында тестіленушіге сілтеме мен веб-қосымшаға авторизациялау параметрлері беріледі (логин және пароль).
Министрліктің уәкілетті өкілі білім алушыларға ББЖМ-ды жүргізу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Тестілеу өткізу кезінде білім алушыларға сөйлесуге, қағаз, электрондық және өзге де тасымалдағыштардағы ақпараттарды пайдалануға тыйым салынады.
Тестілеуден өту кезінде калькуляторды, анықтамалық әдебиетті, электрондық жазба кітапшаларын және қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларды (оның ішінде мобильді телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды) пайдалануға рұқсат етілмейді.
Тестілеу уақытында аудиторияға Министрліктің уәкілетті өкілі мен ұйым басшысы ғана кіреді.
Тестілеу өткізу кезінде білім алушыларға Министрліктің уәкілетті өкілінің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға жол берілмейді.
Тестілеу аяқталған соң білім алушылардың нәтижелері компьютердің экранына шығарылады.
ББЖМ жүргізілгеннен кейін білім беру қызметтеріне қанағаттану деңгейін анықтау үшін орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тестіленушілері мен педагогтері арасында жасырын сауалнама жүргізіледі.
Тестілеу басталғанға дейін Министрліктің уәкілетті өкілі компьютерлік аудиториялардың дайындығын тексереді және тестіленушінің жеке коды бар отырғызу парақтары бойынша тестіленушілерді сәйкестендіруді білім беру ұйымы ұсынған білім алушылардың тізіміне сәйкес жүзеге асырады.
Тестілеу басталар алдында тестіленушіге сілтеме мен веб-қосымшаға авторизациялау параметрлері беріледі (логин және пароль).Министрліктің уәкілетті өкілі білім алушыларға ББЖМ-ды жүргізу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Тестілеу өткізу кезінде білім алушыларға сөйлесуге, қағаз, электрондық және өзге де тасымалдағыштардағы ақпараттарды пайдалануға тыйым салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет