Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



бет147/234
Дата20.10.2022
өлшемі1,07 Mb.
#44356
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   234
70-кесте. Оқу жүктемесінің көлемі

Сынып

Оқу пәнінің атауы

Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары (жаңартылған мазмұн)

Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен)

Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық







жаратылыстану-математика бағыты

10

Неміс тілі

3

102

2

68

10

Француз тілі

3

102

2

68

11

Неміс тілі

3

102

2

68

11

Француз тілі

3

102

2

68







қоғамдық-гуманитарлық бағыт




10

Неміс тілі

3

102

3

102

10

Француз тілі

3

102

3

102

11

Неміс тілі

3

102

3

102

11

Француз тілі

3

102

3

102

Үлгілік оқу бағдарламалары оқыған деңгейлеріне, сөйлеу қызметінің (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) төрт түрі бойынша тілдік дағдысын бағалау өлшеміне сәйкес неміс тіліне оқыту кезеңін, жалпы оқыту кезеңінің (10-11-сынып) ұзақ мерзімді жоспарын қамтиды.
Үлгілік оқу бағдарламалары ҚР БҒМ бұйрығымен бекітілген және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында https://nao.kz/орналастырылған.
Үлгілік оқу бағдарламалары ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Педагог тоқсан ішіндегі тақырыптарды зерделеу тәртібін және олардың сағаттарын өз қалауы бойынша бөледі.
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізіледі. 10-11-сыныптарда БЖБ үшін максималды балл кемінде 7 және 20 балдан артық болмауы керек.
Оқу пәндерінен жүргізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 71-кестеде берілген.
71-кесте. «Неміс тілі», «Француз тілі» оқу пәндері бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып




Бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны




1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

10-сынып

2*

2*

2*

2*

11-сынып

2*

2*

2*

2*

* Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым).
«Шетел тілі» пәні бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру жұмыстарын ұйымдастыру
«Шетел тілі» пәні бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жүйелі жұмыс төмендегідей міндеттерді шешуге бағытталған:

  • «Шетел тілі» пәні бойынша білім алушылардың үлгерімі мен білім сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралар қабылдау;

  • өзін-өзі бақылауға үйрету;

  • өзін-өзі бақылау қажеттілігін қалыптастыру;

  • орындалған жұмысқа жауапкершілік танытуға тәрбиелеу;

  • оқушылардың жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту.

«Шетел тілі» пәні бойынша оқушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және қалпына келтіру бойынша жұмысты ұйымдастыру төмендегідей кезеңдерден тұрады:
І кезең. Жалпы қателіктерді анықтау;
II кезең. Қателерді түзету;
ІІІ кезең. Жіберілген қателіктерді талдау;

  1. кезең. Олқылықтарды жоюды жоспарлау;

  2. кезең. Олқылықтарды жою. Сыныпта талдау жұмысын жүргізу; VI кезең. Алдын алу шаралары.

І кезең. Жалпы қателіктерді анықтау
Жазбаша жұмыстарды тексеру, ауызша жауап беру, өзіндік және өзара бақылау барысында жүзеге асады.
Жазбаша жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу және өзі дербес орындауын қатаң бақылау ұсынылады. Қателерді анықтауға арналған жазбаша жұмыстың тиімді түрлері:

  • оқу жылының басында және соңында қателіктерді талдау бойынша жеке өзіндік жұмыс үшін әр кестеге мәліметтер матрицасын және

матрицалардың көшірмелерін құрастыра отырып, тестілеу беріледі;

Белгілі бір тақырыптың типтік қателері мен жалпы білім беру дағдықабілеттерін анықтауға бағытталған ББҚ (білім, білу, қабілет) ауызша тексеру. Тест тапсырмаларында есте сақтауды (меңгергендерді жаңғырту), ойлауды (салыстыру, дәлелдеу, жалпылау), сөйлеуді дамытатын сұрақтар қамтылуы тиіс. Ауызша емтиханның сапасы сұрақтардың іріктелуіне және олардың қойылу реттілігіне байланысты болуы қажет. Әрбір сұрақ логикалық түрде толық, қысқа және нақты болуы керек.
Білім алушылардың бойында өзін-өзі бақылау дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру олардың қателіктерін өз бетінше табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол тәрбиелік, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан тиімді. Мысалы, мынадай формаларды пайдалануға болады: «Қатені тауып, түсіндіріңіз» (өзіңіздің сыныптасыңыз жасаған, педагог жоспарлаған), «Жауабын тексеріп, қатесін түсініңіз», «Жауабыңызды бағалаңыз».
Мектеп оқушыларының оқу іс-әрекетінің сапасы мен тиімділігін өзара бақылау педагогке білім алушылардың білімін тексеруге көмектеседі және адалдық пен әділеттілік, ұжымшылдық сияқты жеке қасиеттерінің дамуына ықпал етеді. Білімді өзара тексеру білім алушылардың белсенділігін дамытады, білімге қызығушылығын арттырады. Өзара бақылау барысында білім алушылардың жеке ерекшеліктері ашылады, білімге қызығушылығы артады.
II кезең. Қателерді түзету
Қателерді түзету қателерді анықтаумен қатар жүреді. Әрбір білім алушы өзінің «проблемалық» тақырыптарын бірнеше рет қайталауы арқылы шет тілін меңгеруде оң нәтижеге қол жеткізе алады.

Деректер матрицасы - бұл тест нәтижелері енгізілетін кесте. Бұл сыныптағы «меңгере алу» картинасын тұтастай және әрбір білім алушыны жеке көруге мүмкіндік береді;


- Қателіктерді есепке алу (барлық жазбаша жұмыстарда «меңгере алуын» бақылау). Бұл белгілі бір тақырыпты немесе ережені меңгере алмаған әр білім алушының қандай проблемалары бар екенін анықтауға мүмкіндік береді. Нақты қателіктер туралы ақпарат әрбір білім алушының мәліметтеріне енгізіледі (72-кесте).
72-кесте. 10-сынып оқушысы Д.Жақановтың жеке жоспары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет