11.3.2 - пирамиданың (қиық пирамиданың) бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын қорытып шығару және
оларды есептер шығаруда қолдану;
10.3.1 - үш перпендикуляр туралы теореманы білу және оны есептер шығаруда қолдану;
10.3.2 - түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу;
11.3.13 - пирамида және қиық пирамида көлемдерін табу формулаларын білу және оларды есептер шығаруда қолдану;
10.3.4 - нүктеден жазықтыққа дейінгі және айқас түзулер арасындағы арақашықтықтарды таба білу;
10.3.5 – кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы анықтамаларын білу.
2) ата-аналары немесе заңды өкілдерінің келісімімен білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жаңа сабақтың алдында, сенбі күндері, каникул күндері (күзгі, қысқы, көктемгі), жазғы мектеп кезінде консультациялар/жеке консультациялар, қосымша сабақтар ұйымдастыру.
Шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша консультациялар/жеке консультациялар, қосымша сабақтар ұйымдастыру кезінде оқу бағдарламасы бойынша алдыңғы сыныпта қарастырылған келесі оқыту мақсаттарын қайталауға және бекітуге ерекше назар аудару ұсынылады:
10-сынып, «Алгебра және анализ бастамалары пәні»: 9.2.2.1 - екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулерді ажырату;
9.2.2.2 - екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу;
9.2.2.3 - екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу;
9.2.2.4 - екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу;
9.2.3.5 - арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану;
9.2.3.6 - геометриялық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану;
9.2.3.7 - арифметикалық немесе/және геометриялық прогрессияларға байланысты есептер шығару;
9.2.4.3 - бұрыштардың қосындысы мен айырымының, жарты және қос бұрыштың тригонометриялық формулаларын қорытып шығару және қолдану;
9.2.4.4 - келтіру формулаларын қорытып шығару және қолдану;
9.2.4.5 - бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың анықталу облысы мен мәндер жиынын табу;
9.2.4.7 - тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге және көбейтіндісін қосындыға немесе айырымға түрлендіру формулаларын қорытып шығару және қолдану;
9.2.4.8 - тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау; 10-сынып «Геометрия» пәні: 9.1.1.1 - доға ұзындығының формуласын қорытып шығару және қолдану;
9.1.1.2 - сектор мен сегмент ауданының формулаларын қорытып шығару және қолдану;
9.1.1.3 - іштей сызылған бұрыш анықтамасын және оның қасиеттерін білу;
9.1.1.4 - дөңгелектегі кесінділердің пропорционалдылығы туралы теоремаларды білу және қолдану;
9.1.3.6 - косинустар теоремасын білу және қолдану;
9.1.3.7 - синустар теоремасын білу және қолдану;
9.1.3.8 - іштей сызылған үшбұрыштың ауданын ( 𝑆 = 𝑎𝑏𝑐 , мұндағы 𝑎, 𝑏, 𝑐
4𝑅
– үшбұрыштың қабырғалары, 𝑅 – сырттай сызылған шеңбер радиусы) және сырттай сызылған көпбұрыштың ауданының (𝑆 = 𝑝 ∙ 𝑟, мұндағы 𝑟 – іштей сызылған шеңбер радиусы, 𝑝 − көпбұрыштың жарты периметрi) формуларын білу және қолдану;
9.1.3.9 - шеңберге іштей немесе сырттай сызылған үшбұрыштардың аудандарын пайдаланып шеңбердің радиусын табу формулаларын білу және қолдану;
10-сынып, «Алгебра және анализ бастамалары пәні»: 10.3.1.2 - функция графигіне түрлендірулер орындай алу (параллель көшіру, сығу және созу); 10.1.3.5 - қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;
10.1.3.6 - тригонометриялық теңдеулерді көбейткіштерге жіктеу арқылы шеше алу;
10.1.3.7 - квадрат теңдеуге келтірілетін тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;
10.1.3.8 - біртекті тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;
10.1.3.9 - қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу;
10.3.1.11 - дифференциалдаудың ережелерін білу және қолдану;
10.3.1.12 - функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін құрастыру;
10.3.1.16 - функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерінің анықтамаларын және экстремумының бар болу шартын білу;
10.3.1.17 - функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерін табу;
10.3.1.18 - туындының көмегімен функция қасиеттерін зерттеу және оның графигін салу;
10.3.1.19 - функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндерін табу. 11-сынып, «Геометрия» пәні: 10.3.1 - үш перпендикуляр туралы теореманы білу және оны есептер шығаруда қолдану;
10.3.2 - түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу;
10.3.4 - нүктеден жазықтыққа дейінгі және айқас түзулер арасындағы арақашықтықтарды таба білу;
10.3.5 - кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы анықтамаларын білу.
10.4.5 - кеңістіктегі вектордың координаталарын және ұзындығын таба білу;
10.4.6 - кеңістіктегі коллинеар және компланар векторлардың анықтамаларын, векторлардың коллинеарлық шартын білу;
10.4.7 - векторларды қосу және азайтуды, векторды санға көбейтуді орындау;
10.4.8 - координаталық түрдегі векторлардың скаляр көбейтіндісі формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану. 4-кезең. Жұмысты талдау (әр оқу тоқсанының соңында). Білім алушылардың білім сапасына жүргізілген жүйелі мониторинг нәтижелерін талдау және оларды әдістемелік бірлестікте, педагогикалық кеңесте талқылау ұсынылады.