Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


Сынып Зертханалық жұмыстар



бет172/234
Дата20.10.2022
өлшемі1,07 Mb.
#44356
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   234
Байланысты:
аза стан республикасыны орта білім беру йымдарында

Сынып

Зертханалық жұмыстар

Практикалық жұмыс

Көрсетілім

10 класс (ҚГБ)

10

3

8

11 класс (ҚГБ)

8

2

7

Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 89-кестеде көрсетілген.
89-кесте. «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сыныптар




Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау саны

10-сынып, ЖМБ

3

3

3

3

10-сынып, ҚГБ

2

3

3

2

11-сынып, ЖМБ

3

3

3

3

11-сынып, ҚГБ

3

3

3

2

2021-2022 оқу жылында білім алушылардың өткен оқу жылдарындағы біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылына
арналған оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарының меңгерілуін

қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс жоспарын әзірлеу реті


(әрбір пән мұғалімі үшін)



Жұмыс мазмұны

Диагностикалық жұмыс (I тоқсанның I аптасында)

11

Өткен оқу жылдарындағы химия оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша әкімшілік диагностикалық бақылау жұмысын жүргізу (әр түрлі тест тапсырмалар, графиктер, диаграммалар, есеп шығару бар жазбаша тапсырмалар)

12

Тақырыптар бойынша олқылығы бар оқушылардың санына байланысты өткен тақырыптардың ішінен қиындық тудырған тақырыптарын анықтау. Мысалы, қандай да бір тақырыпты меңгермеген оқушылардың саны көп болса, сол тақырып күрделі болып есептеледі.
Мысалы, 9 сыныптың оқушы қоспамен байланысты есептеуге берілген тапсырманы шығара алмайды, егер «нольдік қосынды» әдісімен формуланы құрастыра алмаса, салыстырмалы молекулалық/формулалық массаны анықтап алмаса, заттар массасының сақталу заңын қолдана алмаса.

Жоспарлау жұмысы (I тоқсанның II аптасында)

13

Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылында өтілетін тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес келетін өткен оқу жылдарындағы күрделі тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтау
Егер бағдарламада оқу мақсаттары, оқу сағаттарының саны бойынша өзгерістер болса, бұл жағдайды оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою үшін жұмысты жоспарлау кезінде ескеру қажет.

14

Сәйкес келетін тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтағаннан кейін қысқа мерзімді сабақ жоспарларын мақсаттарды үйлестіре, кіріктіре отырып әзірлеу. Жаңа тақырыптар мен оқу мақсаттарын меңгеру үшін өткен оқу жылдарындағы тақырыптар бойынша білімінде олқылығы бар оқушыларға алдын ала дайындалып келуге берілетін тапсырмалар әзірлеу. Шағын жобаларды, презентацияларды, пікірталас түрінде өткізуге, ғылыми эссе жазуға және т. б қосуға болады.

15

Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылындағы тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары мен оқу мақсаттарын анықтау.
Мысалы, оқу мақсаттар «метанол мен этанолдың адам ағзасына физиологиялық әсерін түсіндіру», «аммиак өндірісінің үдерісін сипаттау».

16

Жаңа бағдарламаға сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары мен оқу мақсаттары бойынша білімінде олқылықтары бар оқушылардың тізімін жасау және топтастыру

17

Білімінде олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін консультациялардың кестесін жасау

41

Білімінде олқылықтары бар оқушыларға өткізілетін кеңес беруді сәйкес келетін жаңа тақырып пен оқу мақсатына сабақ жоспарлаудан бұрын өткізу

19

Білімінде олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін кеңес беру кестелерін жоспарлау принциптері:

  • жаңа сабақтан бұрын кеңес беру;

  • жұмыс күндеріне сыймаған жағдайда сенбілік немесе жексенбілік кеңес беру;

  • II, III, IV тоқсандық каникул күндеріндегі кеңестер;




- жазғы мектеп күндеріндегі кеңестер

20

Жаңа сабақтан бұрын кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

21

Сенбілік немесе жексенбілік кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

22

Каникул күндеріндегі кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

23

Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес тақырыптарын анықтау, кестесін дайындау

24

Жаңа оқу жылында оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу кестесін және талдау жұмысының жоспарын дайындау (бұл жерде білім алушының өткен оқу жылы бойынша білімінің сапасы да, олқылықтары да көрінеді):

  • қыркүйектің екінші аптасы (диагностикалық әкімшілік бақылау); - бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) кестесі;

  • тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) кестесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет