Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


Балаларға экологиялық-биологиялық қосымша білім берудің



бет213/234
Дата20.10.2022
өлшемі1,07 Mb.
#44356
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   234
Байланысты:
аза стан республикасыны орта білім беру йымдарында

Балаларға экологиялық-биологиялық қосымша білім берудің негізін табиғатты қорғау бойынша оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, оқу-тәрбие, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, экологиялық-насихаттау, мәдени-ағарту қызметін қамтамасыз етуге бағытталған жас натуралистер станциялары мен экологиялықбиологиялық орталықтар, мектеп үйірмелері құрайды.
Балалар туризмі мен өлкетану балалар үшін тартымды бағыт болып табылады. Республикада туристік-өлкетану білім беру қызметін жас туристерөлкетанушылардың станциялары мен орталықтары, мектептердің, сарайлардың, балалар шығармашылығы орталықтарының туристік-өлкетану үйірмелері жүзеге асырады, онда білім алушылардың туристік-өлкетану қозғалысының әртүрлі бағдарламалары іске асырылады. Оқушылардың «Менің Отаным – Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициясы аясында жас туристер қатысатын түрлі бағыттар бойынша жаяу, шаңғы, су, велосипед және басқа да жорықтар, экспедициялар мен экскурсиялар өткізіледі.
Көркем-эстетикалық қосымша білім беру - балалар өнер мектептері мен балалар көркемөнер мектептерінде жүзеге асырылатын балалар арасындағы ең бұқаралық және танымал бағыт. Республикада балалардың қатысуымен көркем шеберлік байқаулар, көрмелер, пленэрлер өткізу жалғасуда.
Балалар музыка мектептері балалардың бойында көркемдік-эстетикалық құндылықтарды тұтынушылардың қасиеттерін тәрбиелейтін музыкалық-эстетикалық даму, мәдени-ағартушылық және мәдени-тынығу функциясының білім беру бағдарламаларын іске асыруды жалғастырады.
Әлеуметтік-педагогикалық бағыт жеке тұлғаны әлеуметтендіруге, оның ішінде баланың бос уақытын ұйымдастыруға байланысты бірқатар міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Мектеп мұражайлары, әскери-патриоттық клубтар, аула клубтары, демалыс орталықтары, балалар лагерьлерінің әртүрлі түрлері, балалар қоғамдық ұйымдары, педагогикалық отрядтар педагогтерге патриоттық тәрбиені қамтамасыз етуге, балалардың ой-өрісін кеңейтуге, салауатты өмір салты дағдыларын дарытуға, бос уақыты мен белсенді демалысын ұйымдастыруға көмектеседі.
Балаларды қосымша білім беруге жаппай тарту, дарынды балаларды анықтау, оқушыларды кәсіби бағдарлау, әртүрлі деңгейдегі байқауларда, жарыстарда және басқа да іс-шараларда көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дарыту мақсатында 2021-2022 оқу жылында мектепішілік, аудандық (қалалық) және облыстық деңгейлерде балалар арасында республикалық іс-шаралардың өңірлік кезеңдерін ұйымдастыру және өткізу ұсынылады:

  1. «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің фестиваль-байқауы «Драмалық спектакль»; «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзкл, балет, данс-спектакль және т.б.); «Әдеби-музыкалық композиция»; «Қуыршақ спектаклі» номинациялары бойынша өткізіледі. Сонымен қатар, балаларды театр өнері әлеміне тартуға, тұлғаның мәдени және рухани әлеуетін дамытуға бағытталған «Балалар және театр» ағартушылық жобасы іске асырылуда. Жоба аясында оқушылар жас ұрпақтың адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың ресурсы, жеке тұлғаны әлеуметтендірудің, көркемдік талғамды қалыптастырудың қуатты құралы, эстетикалық дамыған, шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу механизмі болып табылатын театрларға барады;

  2. «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы шеңберіндегі республикалық іс-шаралар:

  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында «Қазақстан – менің алтын бесігім» балалар фестивалі, номинациялары: «Татулықтың тұтқасы – бірліктің бесігі» халық билері байқауы; «Жүрек жылуы» вокалистер байқауы; «Ризамын халқыма!» театр байқауы;

  • жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың республикалық дебаттық турнирі;

  • ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар арасында «Шексіз шығармашылық» байқауы;

  1. «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар және табиғат зерттеушілерінің форумы мына номинациялар бойынша өткізіледі: «Туған өлкенің тарихы» зерттеу жобаларының байқауы, «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта»; «Экоболашақ» экологиялық жұмыс туралы бейнероликтер; «Жасыл оазис» экодизайнерлер байқауы; «Жеңіс мамыры» панно немесе коллаждар байқауы;



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет