3.1 Мектепалды даярлық сыныптары 5 жастағы балаларды мектепалды даярлау міндетті және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады («Білім туралы» ҚР Заңы (бұдан әрі – Заң) 30-бап).
1-сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады (Заңның 31-бабы).
Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері:
мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіру (жауапкершілік, зейінділік, дербестік, ынталылық);
ұжымдық қызметтегі бірлескен әрекет дағдыларына тәрбиелеу (құрдастарына көмек көрсету, жұмыс нәтижелерін бағалау және т. б.);
балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымнан мектепке көшу кезінде сабақтастықты және табысты бейімделуді қамтамасыз ету;
баланың мектепке эмоционалды оң көзқарасын, оқуға деген ынтасын дамыту.
«Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының нысандары»
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013227
«Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000077_
«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V090005750_
«Жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары»
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013272
«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015584
«Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтау стандарттары және оларға қойылатын талаптар» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900018239
«Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидалары»