Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында
аза стан республикасыны орта білім беру йымдарында
Бастауыш білім беру деңгейінде тілдік пәндерден сабақ беретін мұғалімдер күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлеуде ортақ тақырыптарды ескеру керек. 13-кесте. Формативті бағалауды жүзеге асыру
БЖБ үшін жоғарғы балл 2-4-сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан артық болмауы керек. Төменде бөлім / ортақ тақырып үшін жиынтық бағалау рәсімдерінің саны көрсетілген (14-кесте). 14-кесте. «Ағылшын тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
* Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым) «Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша оқыту процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері және ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған ұсынымдар: 1-сынып білім алушыларына арналған ағылшын тілі бойынша оқу бағдарламасында тек А1 тілдік деңгейі бағытында жұмыс жасау көзделген. Ал А1 тілдік деңгейін білім алушылар бастауыш білім беру деңгейін (4-сыныпты) аяқтағанда толық меңгереді; 1-сыныпта «Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша оқылым мен жазылым дағдыларын дамыту көзделмейді. «Оқылым» бөлімі бойынша оқу мақсаттары таныс сөздер мен сөз тіркестерін танып білуге ғана бағытталады; 1-4-сынып білім алушыларына шетел (ағылшын) тілін белсенді ойындар, әндер, өлеңдер, қарапайым іс-қимылдар сияқты түрлі тәсілдер арқылы меңгерту ұсынылады; оқу процесі оқылатын (ағылшын) тілде жүргізіледі, бірақ қажет болған жағдайда педагог жаңа сабақты немесе күрделі нұсқауларды түсіндіру кезінде білім алушының ана тілін қолдана алады; коммуникативті құзыреттілікті меңгерудің негізгі шартының бірі – білім алушының білім беру процесіне белсенді қатысуы. Тілді меңгерудің бастапқы кезеңінде қателесу білім беру процесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, қателерді түзету барысында педагогке білім алушының сабаққа деген ынтасын түсіріп алмауды көздеу ұсынылады; сабақта білім алушыларға таныс ағылшын тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді және нұсқауларды жиі қолдану қажет. Бұл білім алушыларға сөздер мен сөйлемдерді тиімді есте сақтауға, тапсырмаларды орындау барысында оларды тануына мүмкіндік береді; мұғалімнің интонациясы дұрыс, дауысы айқын және ым - ишаралары нақты, сөздер мен сөйлемдері баяу және анық болуы керек; түрлі-түсті көрнекі құралдарды (суреттер, ойыншықтар, постерлер) пайдалану арқылы педагог білім алушылардың ойын жинақтап, жаңа сөздерді тез меңгеруіне ықпал етеді. Нұсқаулықта (технологиялық карта) сабақ барысында педагогтің, атаананың, білім алушының орындайтын іс- қимылдары анық жазылуы керек (15кесте). Нұсқаулықты әзірлеу барысында «Ағылшын тілі» оқыту пәнінің мұғалімдері білім алушылардың қабілетін, отбасының әлеуетін және мүмкіншіліктерін ескеруі қажет. 15-кесте. Білім алушылардың ата-аналарына арналған нұсқаулықтың үлгісі
Нұсқаулық негізінен ата-анаға бағытталғандықтан, педагог оны барынша түсінікті етіп әзірлеуі керек. Бұл жерде ескеретін жағдай, ата-ана ағылшын тілін меңгермеуі мүмкін, сондықтан да оларға қосымша сөздер мен сөйлемдердің аудармаларын беріп отыру қажет. Бастауыш мектепте білім алушылардың тілдік дағдылары үш тілде (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) ортақ тақырыптарды оқу арқылы дамытылады. Үлгілік оқу бағдарламаларының ұзақ мерзімді жоспарларында пәнаралақ байланыс (Cross Curricular Links) әр тақырыпта кездеседі. Педагог ұзақ мерзімді жоспарды негізге ала отырып, тақырыптарды меңгеруге бөлінетін сабақ санын өзі жоспарлайды. Бастауыш білім деңгейіндегі білім алушыларының психологиялық және жас ерекшеліктерін (жоғары эмоционалдылық, қозғалғыштық, сезімталдық, шаршағыштық) ескере отырып, оқытудың әдіс-тәсілдерін, формаларын таңдау педагогтің өз еркіне беріледі. Білім алушылардың бойында жеке тұлғалық қасиеттермен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, Отансүйгіштік сезімін оятатын тапсырмалар Үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарында көрсетілген барлық тақырыптарда қарастырылуы тиіс. «Ағылшын тілі» оқу пәнінен Үлгілік оқу бағдарламалары білім алушылардың өз халқының мәдениеті мен рухани құндылықтарын, ұлттық бірегейлігін, азаматтығын, адамгершілік нормаларын және сөйлеу мәдениеті туралы білімін қалыптастыруға бағытталған. жүктеу/скачать 1,07 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |