Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



бет35/234
Дата20.10.2022
өлшемі1,07 Mb.
#44356
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   234
Байланысты:
аза стан республикасыны орта білім беру йымдарында

«Шетел тілі» оқу пәні


Бастауыш сыныптарда жүргізілетін «Шетел тілі» («Ағылшын тілі», «Неміс тілі», «Француз тілі») оқу пәнінің жоспары «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына сәйкес.
«Шетел тілі» оқу пәні бойынша оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарымен (төмендетілген оқу жүктемесімен) (2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүргізіледі.
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын төмендетілген оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын өздері таңдап алады.
Төмендетілген оқу жүктемесі бар Үлгілік оқу жоспарлары бойынша «Шетел тілі» оқу пәнінің Үлгілік оқу бағдарламалары «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген.

«Ағылшын тілі» оқу пәні


«Ағылшын тілі» оқу пәндері (оқыту қазақ тілінде, оқыту қазақ тілінде емес) бойыншa оқу жүктeмeсінің көлeмі:
1-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында – 66 сағатты;
2-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында – 68 сағатты;
3-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында – 68 сағатты; 4-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.
«Ағылшын тілі» оқу пәндері (оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде) бойыншa оқу жүктeмeсінің көлeмі:
1-сыныпта – аптасына 0 сағат;
2-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында – 68 сағатты;
3-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында – 68 сағатты; 4-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында – 68 сағат.
Бастауыш мектепте «Ағылшын тілі» пәнін оқытудың мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану (11-кесте).
11-кесте. «Ағылшын тілі» пәнінің Үлгілік оқу жоспарына сәйкес сыныптар бойынша көрсетілген тілдік деңгейлер деңгейі:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет