9-сынып, Алгебра Тапсырмалар
8-сыныпқа арналған
«Алгебра» пәнінен оқу
бағдарламасының
оқыту мақсаттары бойынша
құрастырылады.
Арифметикалық квадрат түбір. Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері. Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру. Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары. Виет теоремасы. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу. Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулер. Рационал теңдеу. |𝑎𝑥2 + 𝑏𝑥| + 𝑐 = 0;𝑎𝑥2 + 𝑏|𝑥| + 𝑐 = 0 түріндегі теңдеулер. Рационал теңдеулердің көмегімен мәтінді есептерді шығару. у=аx2+bx+c (а≠0) түріндегі квадраттық функция, оның қасиеттері және графигі. Квадрат теңсіздік. Рационал теңсіздік. Интервалдар әдісі. Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі. Квадрат теңсіздіктер жүйесі.
9-сынып, Геометрия Тапсырмалар
8-сыныпқа арналған
«Геометрия» пәнінен оқу
Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы. Көпбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысы. Параллелограм, тіктөртбұрыш, ромб және шаршы, олардың қасиеттері және белгілері. Фалес теоремасы. Трапеция. Тікбұрышты және теңбүйірлі трапециялар, олардың қасиеттері. Үшбұрыштың орта сызығы. Трапецияның орта сызығы. Үшбұрыштың тамаша нүктелері. Үшбұрыштың
бағдарламасының
оқыту мақсаттары бойынша құрастырылады.
медианаларының қасиеті. Пифагор теоремасы. Шаршының, тіктөртбұрыштың, параллелограммның, ромбтың, үшбұрыштың және трапецияның аудандары. Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі.
Кешенді диагностикалық жұмыстың қорытындысы бойынша:
шектеу шаралары кезеңінде білім алушылардың білімінде олқылықтар бар оқыту мақсаттарын (тақырыптарын) анықтау;
анықталған оқыту мақсаттарынан қайсысы жаңа оқу жылында пән бойынша оқыту мақсаттарына сәйкес келетінін, қайсысы сәйкес келмейтінін анықтау. 2-кезең. Жұмысты жоспарлау (ІІ тоқсанның екінші аптасы).
Жаңа оқу жылындағы пән бойынша оқыту мақсаттарына сәйкес келетін оқу мақсаттарын ескере отырып, қысқа мерзімді жоспарлар жасау;
білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жеке жұмыс жоспарларын әзірлеу.