11-сынып, Геометрия (ҚГБ, ЖМБ) Тапсырмалар
10-сыныпқа арналған
«Геометрия» пәнінен оқу бағдарламасының оқыту мақсаттары бойынша құрастырылады.
Стереометрия аксиомалары және олардың салдарлары. Кеңістіктегі түзулердің өзара орналасуы. Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы. Жазықтықтардың өзара орналасуы. Кеңістіктегі бұрыштар. Перпендикуляр және көлбеу. Үш перпендикуляр туралы теорема. Кеңістіктегі арақашықтық. Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар.
Кешенді диагностикалық жұмыстың қорытындысы бойынша:
шектеу шаралары кезеңінде білім алушылардың білімінде олқылықтар бар оқыту мақсаттарын (тақырыптарын) анықтау;
анықталған оқыту мақсаттарынан қайсысы жаңа оқу жылында пән бойынша оқыту мақсаттарына сәйкес келетінін, қайсысы сәйкес келмейтінін анықтау.
2-кезең. Жұмысты жоспарлау (ІІ тоқсанның екінші аптасы). Жаңа оқу жылындағы пән бойынша оқыту мақсаттарына сәйкес келетін оқу мақсаттарын ескере отырып, қысқа мерзімді жоспарлар жасау;
білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жеке жұмыс жоспарларын әзірлеу.
3 кезең. Жұмыс жүргізу (оқу жылы бойы). 1) Оқыту мақсаттары біріктірілген қысқа мерзімді жоспар негізінде сабақты ұйымдастыру (қатарынан алынған екі сыныптың тиісті оқу мақсаттары).
10-11-сыныптардағы оқыту мақсаттарын біріктіру мысалдары келесі кестеде келтірілген.