№
|
Жұмыс түрлері
|
Критерийлер/дескрипторлар
|
1
|
Берілген мәліметтері жетіспейтін есептерді шешу
Білім алушылар сандары, шарты мен сұрағы бар есептерді шығару жолдарын жақсы түсіну үшін оларға жетіспейтін мәліметтері бар есептерді ұсынуға болады
|
мәліметтері толық емес есептерді ажырата біледі;
есепті жетіспейтін мәліметпен
толықтыра алады;
жазбаны нақты мәліметтермен толықтыра алады
|
2
|
Артық мәліметтер берілген есептерді шешу
Білім алушылар сандары, шарты мен сұрағы бар есептердің шығару жолдарын жақсы түсіну үшін оларға артық мәліметтері бар есептерді ұсынуға болады.
|
артық мәліметтері бар есептерді ажырата алады;
есептің шартын өзгерте және дәлелдей алады;
бақылай, салыстыра және қорытынды шығара алады
|
3
|
Графикалық модельдеу
Графикалық модель – сюжеттік есептің сызбасы, ол білім алушыларға есеп шартында берілген абстрактілі қатынастарды нақты кеңістіктік формада түсінуіне көмектеседі
|
есеп мәтінін сызбамен келтіре алады; - есеп мәтінін және оған сай келетін сызбаны сәйкестендіре алады;
есептің берілгендерімен модельді толтыра алады;
сызба бойынша есеп құрастыра алады
|
4
|
Заңдылықтарды табу және өзінің заңдылықтарын жасауға арналған шығармашылық тапсырмалар.
Математикалық заңдылық – бұл белгілі бір ереже. Осы ереже бойынша элементтердің сандық, пішіндік немесе басқа да қатарында белгілі бір сәйкес тәртіппен элементтердің немесе олардың қасиеттерінің қайталануы немесе өзгеруі болып табылады.
|
заңдылықтың белгілі бір ереже, іздеу екенін біледі;
элементтері/заттар белгілі бір ереже бойынша орналасқанын түсінеді;
топтастыра және қорытынды жасай алады.
|