«Тіл және әдебиет» білім саласында «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Ана тілі», «Ұйғыр/Өзбек/Тәжік әдебиеті» «Шетел тілі» пәндері оқытылады.
«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы функционалдық-коммуникативтік бағытқа негізделіп құрастырылды. Ол оқушылардың тіл туралы түсініктерін тереңдетіп, ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтеді.
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүзеге асырылады.
«Қазақ тілі» пәнінен5-9-сыныптардың оқу процесі ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
ҚР БҒМ міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (ҚР Әділет министрлігінде 2017 жылы 13 қарашада № 15982 тіркелген) бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен және ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 7 наурыздағы №105 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда № 18382 болып тіркелді) бекітілген Ұзақ мерзімді жоспар негізінде жүзеге асырылады.
Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарын (төмендетілген оқу жүктемесімен) таңдаған білім беру ұйымдарындағы оқу процесі «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-сыныбына арналған «Қазақ тілі» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасымен (оқыту қазақ тілінде) жүзеге асырылады.
Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта білім беру деңгейінде «Қазақ тілі» пәнін оқытуға бөлінген апталық оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі (27-сурет).