Қазақстан республикасының отбасы және неке қҰҚЫҒының негіздері пән оқытушысы: Рустемова Айнагул Кашкиновна


Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі. Неке жасы



бет6/9
Дата17.03.2023
өлшемі247,39 Kb.
#75095
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лекция 4. Отбасы құқығы

Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі. Неке жасы.

  • Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі. Неке жасы.
  •  Некеге тұру некеге тұрушы ері мен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жету болып табылады. Егер неке күш көрсету, алдау, қорқыту жолымен қиылған болса, онда ол жарамсыз деп танылуы мүмкін. Некеге тұру келісімін некені тіркеу рәсімінің барысында некеге тұрушы адамның тікелей өзі ауызша білдіреді және оның қолын қойғызу арқылы расталады. Соның өзінде ата – аналарының немесе туыстарының келісімі талап етілмейді. Дей тұрғанмен, қай жағынан алып қарағанда да ата – анасының құптауы болашақ отбасы үшін өте маңызды екендігі күәмнсіз. Отбасын құру үшін неке жасына жетудің үлкен маңызы бар. Некеге тұрушылар белгілі бір рухани және күш – қуат кемелділігіне ие болуы керек, ол белгілі бір жаспен байланысты. Біздің заңымызға сәйкес неке жасы – 18 жас
  • Некеге тұратын адамдар медециналық, сондай – ақ медециналық – генетикалық мәселелер және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультациялар алып, тексеруден өтулеріне болады. Мұндай тексерулер некеге тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана өткізілуі тиіс. Некеге тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері медециналық құпия болып табылады және ол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.
  • Некеге тұратын адамның тікелей қатысуымен неке мемлекеттік АХАТ органдарында қиылады. Некені сенімхат бойынша немесе өкілер арқылы қиюға тыйым салынады.
  • Қамауда немесе бас бостандығынан айырылғандар некеге отыра алады. Алайда оларда мемлекеттік тіркеу АХАТ – та емес, бас бостандығын айыру орнында немесе қамауда отырған жерде жүргізіледі.
  •  Заңда неке қиюға кедергілер де көзделген. Бұл өзге тіркелген некенің болуы, болашақ ерлі – зайыптылардың жақын туыстығы, некеге тұрушылардың біреуінің іс - әрекетке қабілетсіздігі, сондай – ақ бала асырап алушылар мен асырап алғандар арасында неке қию.

Некелік шарт

  • Некелік шарт.
  • Некелік шарт – біздің тұрмысымызға салыстырмалы түрде жақында енген ұғым. Некелік шарт деп – некеге тұратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың некеде тұрғандағы немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімдері танылады. Некелік шарт міндетті түрде жазбаша жасалуы және нотариуспен куәландырылуы қажет.
  • Некелік шартты некеге отыратын адамдардың тікелей өздері, сондай – ақ адвокат не нотариус толтыруы мүмкін екендігін айырықша атап көрсету қажет. Некелік шартты нотариалды куәландыру үшін жекеменшік немесе мемлекеттік нотариусқа жүгіну керек. Некелік шартты некені тіркегенге дейін, сондай – ақ некеде тұрған кез келген уақытта жасасуға болады. Некелік шарттың субъектілері не ерлі – зайыптылар, не некеге енді тұруға әзірленіп жатқан адамдар болуы мүмкін (күйеу мен қалыңдық). Ерлі – зайыптылар, яғни АХАТ органдарында тіркелмеген, бірақ бірге тұратын және бір – біріне қамқорлық көрсететін адамдар некелік шарт жасаса алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет