Өлді деп жарияланған жұбайы тірі келген жағдайда сот әлгі шешімді бұзады, бірақ тоқтатылған неке өздігінен қалпына келтірілмейді. Ол ерлі – зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша АХАТ органдары арқылы қалпына келтірілуі мүмкін. Егер қалпына келтіру туралы өтініш берілмесе, ерлі – зайыптылардың екеуінің де тірі екендігіне қарамастан, неке тоқтатылған деп есептеледі. Басқа жұбай жаңа некеге тұрған жағдайда, бұрынғы неке қалпына келтіріе алмайды. Жаңа некенің тағдыры түрліше шешілуі мүмкін: ол не сақталады, немесе бұзылады, бұл кейін бұрынғы жұбайымен некесін тіркеуге мүмкіндік береді.
Ерлі – зайыптылардың көзі тірі кезінде неке, олар ажырасса ғана тоқтатылады. Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ органдары немесе сотта заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін.
Некені бұзу
Некені бұзу АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың біріккен және жекелеген ерекше жағдайларда – жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіледі. Ал сотта некені бұзу ерлі – зайыптылардың екеуінің бірлескен, сондай – ақ жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіле береді. Некені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет: АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара келісімі;
кәмелетке толмаған балаларының болмауы;
бір – біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.
Некені бұзу АХАТ органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуді қажет етеді. Тіркеу некені бұзу жөніндегі өтініш берілген күннен бастап бір ай өткенде жүзеге асырылады. Бір ай мерзім ерлі – зайыптыларға қабылдаған шешім туралы тағы да әбден ойланып – тоғану үшін беріледі. Некені тіркеу үшін берілетін мерзімнен айырмашылығы, некені бұзған кезде оның мерзімі ұзартылып не қысқартымайды.