Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министірлігі «Алматы облыстық білім басқармасы» мм


Ағылшын тілін меңгеру процесінде жас ерекшелікті ескерудің маңызы



бет3/12
Дата17.05.2023
өлшемі0,5 Mb.
#94051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Manapova Sandugash 412 (копия)

1.1.Ағылшын тілін меңгеру процесінде жас ерекшелікті ескерудің маңызы
Әрбір оқушының танымдық іс-әрекетінің, әсерленушілігінің, ерік- жігерінің, мінезінің, жүріс-тұрысының тек өзіне ғана тән сапалық ерекшеліктері болады. Демек, жеке ерекшелік - бұл, адамның өз басындағы қасиеттерінің бір-бірімен сәйкестікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешелігі осы қасиеттері арқылы көрініс табады. Әркім өзінің жеке даму жолын бастан кешіреді, ал ол оның бойына табиғат берген қасиеттерге және тіршілігінің жад-жайына байланысты болады. Кейбір психологтар мен физиологтардың, әсіресе шетел ғалымдарының пікірлері бойынша балалардың жас ерекшеліктерін ағзадағы қайсыбір мәңгі және өзгермейтін қасиеттермен анықтауға болатын сияқты. Бұл қасиеттерді балалардың табиғатына тән, олардың өмірі мен тәрбиесіне тәуелді емес деп түсіндіреді. Олар белгілі жас кезеңдерінде болып отыратын бойдың өсуін, дене салмағының артуын, жыныс мүшесінің жетілуін, яғни дамудың заңдылығын осылай дәлелдегісі келеді. Бірақ олар балалардың психикалық дамуына байланысты жас кезеңдерінің жылжымалы шекарасын еске алмайды. Біздің еліміздің ғалымдары –педагогтары балаларды тәрбие және білім беретін мекемелердің типтері бойынша жас кезеңдеріне бөледі.Мысалы, балабақша жасындағы балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп жасындағы балалар т.б. Балаларды осылай сатыға бөлу, практикада үйреншікті ұғымға айналған. Бірақ бұл ұғым да әлі ғылым негізінде толық дәлелденбеген. Ағылшын тілін меңгеру процесінде жас ерекшелікті ескерудің маңызына келетін болсақ, шет тілін оңай, еш қиындықсыз, жетік, практикада оңай қолдана алатындай меңгеру осыған тәуелді. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі шираңтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің ұштасуын жиі байқауға болады. Мысалы: мектепке дейінгі жас балалардың ағылшын тілі фонетикасын меңгеруге деген ыңғайлы жас болғанымен, грамматикасын және лексикасын меңгеру үшін қолайлы емес жас болуы мүмкін. Ал бастауыш сынып оқушылары үшін грамматика, лексиканы меңгеру оңай болғанымен, басқа аспектілерді меңгеру қиындық туғызуы мүмкін. Осыдан төрт жыл бұрын шет тілін оқыту балабақшадан басталған, ал екі жылдан кейін бастауыш мектептің 1 сыныбынан бастап оқту тиімді деп саналды. Ал 2022 жылдан бастап ағылшын тілі сабағы бастауыш сыныптың 3 сыныбынан бастап оқытылуға көшті. Бұл жағдайда Білім Біреу мамандарының қателік жібергені ме, әлде керісінше болашақ ұрпақ үшін ағылшын тілін меңгеруге деген қолайлы жағдай жасағаны ма деген сұрақ бізді мазалайды. [11, 52б]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет