Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министірлігі «Алматы облыстық білім басқармасы» мм


Балабақша тәрбиеленушілеріне сипаттама



бет4/12
Дата17.05.2023
өлшемі0,5 Mb.
#94051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
1.2.Балабақша тәрбиеленушілеріне сипаттама
Балабақша тәрбиеленушілері дегеніміз - мектепте оқуды әлі бастамаған және әлі оқуға қабілеті жоқ, көп жағдайда төрт-бес жасқа дейінгі балалар. Бүігнгі күндері шет тілін оқыту әдістемесі балабақша жасындағы балаларға бағытталған, бірақ қазір мүмкіндігінше одан да ертерек үйретуге ұмтылуда. Балабақша оқушыларына шет тілін оқытудағы негізгі мақсаттарының бірі: балаларда шет тілінде алғашқы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, болашақта өз мақсаттарына, армандарына жету жолында бар әлемге есік аша білу үшін шет тілін қолдануға дағдалау, сонымен қатар үйрену процесінде дамитын өзінің жеке ойлары мен сезімдерін білдіруге үйрету. Шет тілдерін одан әрі зерттеуге оң көзқарасты қалыптастырып, басқа елдердің өмірі мен мәдениетіне қызығушылықты ояту. [1,31б]
Мектепке дейінгі балаларға шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді, оған қоса олардың танымдық және әлеуметтік белсенділігінің, өзіндік әрекет жасау қабілеттілгінің және өзіне деген сенімінің артуына ықпал етеді. Ғылыми факторларды ескерсек ересек балаларға қарағанда, олардың есте сақтау қабілеті де жоғары, олар лезде берілген шағын материалды меңгеріп алып, оны өте жақсы қайта айтып бере алады сонымен қатар, тілдік құбылыстарға ерекше сезімтал келеді. Неғұрлым көп естіп білуге ынталанған балалардың есте сақтау қабілеті, соғұрлым жоғарғы дәрежеде дамиды. Ал ерте жастағы балаға көңіл аудармай, оның жан-жақты дамуына ықпал жасалмаса, оның ақыл-ойы, қабылдауы, есте сақтау қабілеті баяю дамиды. Себебі, баланың дамуы кішкентайынан бастап қалыптасады, сол үшін де тілді үйрету мәселесін ерте бастаған тиімді екенін айтуда. Шет тілін ерте жастан үйренудің тағы бір артықшылығы бар: балабақшадағы балалар неғұрлым жас болса, ана тіліндегі сөздік қоры соғұрлым аз болады, бірақ сонымен бірге оның сөйлеу қажеттіліктері де аз болады себебі қарым-қатынас салалары үлкендерге қарағанда аз, олар үшін де күрделі коммуникативті жағдайлар жоқ. Осындай жағдайда олар шет тілін меңгере отырып, ана тілі мен ағылшын тілдеріндегі айырмашылықты сезінбейді. 4-5 жасында бала ағылшын тілін ана тілі сияқты қабылдайды. Сонымен қатар олардың көмейлері дыбыстарды керемет имитациялауға мүмкіндік береді.Алайда, мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын да қалыптастыру қажет. Егде жаста, сөйлеуді меңгеру деңгейі жеткілікті жоғары болған кезде, есте сақтау тәсілі өзгереді. Балалардың жасы қосылған сайын мұндай факторлар өзінің күшін жоғалта бастайды. Сондықтанда үйрету жағдайынды балалармен екінші тілде ертерек сөйлей бастау керек. [11,25б]
Мектепке дейінгі жастағы балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. В.С. Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы регуляциясы күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани және материалды қажеттiлiктер сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа деген қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады .шш[шшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшшш
Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей-тегжейлерін бөліп алады. Бірақ мектепке дейінгі кезеңде зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде. Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үшін сөзді пайдалану күрт өседі. В.С. Мухина мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болып қала береді деген болатын. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту балалардың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. Сенсорлық даму, бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оларды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады. Мектеп жасына дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала көбіне өзінің алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды. Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы, баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет процесінде оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде өтетіндігіне байланысты. Мысалы, ағылшынша apple – алма деп бірнеше рет түсіндіріп, осы суреттерді, өз орындарына, мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне қойғанда, оларды жиі көргендіктен есінде жақсы сақтайды.[15,87б]
Мектеп жасына дейінгі балалардың кейбіреулерінде эйдетикалық ес деп аталатын көру есінің ерекше түрі байқалады, өзінің айқындығы мен дәлдігі жағынан эйдетикалық естің бейнелеріне жуықтайды: бұрын қабылданған бір нәрсені есіне түсірген бала соны көз алдына қайтадан көріп тұрғандай болады. Эйдетикалық ес – жас шағының құбылысы. Мектепке дейінгі жаста осындай есі бар бала, кейінірек, мектепке оқыту кезеңінде, әдетте өзінің бұл қабілеттілігін жоғалтады. Мектепке дейінгі жас – естің қарқынды даму жасы. Ес – бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жаданда қалдырады және сақтайды. Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау – тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл-ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы да ойлайды. Атақты психолог ғалымдары Л.С. Выготский, А.И. Леонтьев, А.С. Запорожец, Л.Д. Венгер, Д.Б. Эльконин, Е.И. Игнатьева, Ю.К. Бабанский, И.Я. Лернер т.б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады. Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамуымен ажыратылады. [18,71б]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет