Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министірлігі «Алматы облыстық білім басқармасы» ММ «Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС Мамандығы: 0105000 -Бастауыш білім беру
Біліктілігі: 0105033- Шетел тілінен бастауыш білім беру
0105061 - Тәрбиелеушінің көмекшісі
Пәні: Шетел тілін оқыту әдістемесі
Тақырыбы: «Ағылшын тілін үйренудегі тиімді жас»
МАЗМҰНЫ Кіріспе......................................................................................................................3 І.НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1.БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІНІҢ МАҢЫЗЫ................................5
1.1.Ағылшын тілін меңгеру процесінде жас ерекшелікті ескерудің маңызы......................................................................................................................6
1.2.Балабақша тәрбиеленушілеріне сипаттама.....................................................7
1.3.Ағылшын тілін ерте жастан үйренудің кемшіліктері....................................9
2.БАСТАУЫШ СЫНЫП БАЛАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...............................................................................................11
2.1.Шетел тілін бастауыш сыныпта үйретудіңНННННННННН артықшылығы........................................................................................................15
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................27
Қосымша
Кіріспе Ағылшын тілі көптеген елдердің ана тілі және ресми тілі болуымен қатар, бүгінгі күні басқа да мемлекеттерде өз азаматтарын өзге шетелдіктермен қарым-қатынас жасауға дайындау үшін шет тілі ретінде оқытылады. Мысалы, Қазақстанда ағылшын тілі халықаралық қарым-қатынас тілі болып табылады, сондықтан әрбір ата-ана өз балаларын бәсекеге қабілетті азамат болып өсуі үшін, кішкентай кездерінен шет тілінен оқытуға аса қатты назар аударады. Сол себептерге байланысты Қазақстан Үкіметі болашақ жас ұрпақ ағылшын тілін шет тілі ретінде ерте жастан үйренуі керек деген шешім қабылдаған болатын. Бүгінгі күні ағылшын тілдері балаларға мектептерде, тіпті кейбір балабақшаларда да оқытылады. Қазіргі таңда ағылшын тілін білмеген адамдар көптеген мүмкіндіктерден қалуда, осыған байланысты шет тілін қай жастан оқыған дұрыс деген сұрақтың жауабын көпшілік іздеуде. Осы шешімдер жас ерекшелікке, жеке қабілеттерге байланысты білімі үшін алаңдаған азаматтарды және ата-аналарды пікірі бойынша екі қарама қарсы жақа бөлді. Егерде бірінші жақ балаларға міндетті білім беру басталғанға дейін ағылшын тілін үйретуді бастау пайдалы деп жатса, екінші жақ тек міндетті білім беруді бастағаннан кейін және өз ана тілін толықтай меңгергеннен кейін ғана ағылшын тілін үйретуді бастау керек деген ойда.
Мақсаты- Жас ерекшелігіне байланысты балабақша балалары мен бастауыш сынып оқушыларының ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықтарының өзгеруін және жасына байланысты қабілетіліктерін зерттеу.