Қaзaқстaн республикaсының ОҚу-aғaрту министірлігі


Мектептегі поэма жанрын оқытудың әдіс-тәсілдері бойынша сараптама



бет4/8
Дата07.05.2023
өлшемі78,24 Kb.
#90843
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8
1.3 Мектептегі поэма жанрын оқытудың әдіс-тәсілдері бойынша сараптама.
Поэма жанрын оқытудың әдіс-тәсілдері мен жүйесі де біршама қалыптасқан. Дегенмен, шығарманың көркемдік қуатын, идеялық мазмұнын терең меңгертерде көп олқылықтарға жол беріліп жүр. Көп кемшілік шығарманың идеялық мәнін жете түсінбеуден немесе сол мәселеге жол сілтейтін оқушыларға ұсынылатын тапсырмалар жүйесін құра алмау, әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдана алмаудан туындайды. Әдеби шығарманы талдаудың жалпы тақырыптық мәселелеріне байланысты: оның сюжетін, композициясын, әдеби кейіпкерді, әдеби туындының идеялық-көркемдік қуатын танытуды мақсат еткен зерделі зерттеу еңбектері әдебиеттану ғылымында да, әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымында да молынан жарияланған (М.А.Рыбникова, В.В.Голубков, Г.А.Гуковский, Л.И.Тимофеев, Г.Л.Абрамович, Д.С.Лихачев, В.И. Сорокин, А.И.Ревякин, Н.И.Кудряшев, В.Г.Маранцман, Н.О.Корст, Н.А.Демидова, Г.И.Беленький, Т.Ф.Курдюмова, З.Я.Рез, Л.С.Айзерман сияқты т.б.). Әдебиетші, әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде көркем шығарманы талдап танудың ғылымиәдістемелік жүйесі жасалған. Бұл мәселе қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі саласында да біршама қарастырылған. Жеке қаламгердің шығарамаларын оқыту әдістемесінен жазылған еңбектерде де прозалық шығармаларды оқыту қамтылады. Атап айтар болсақ: Қ.Тасболатов М.Әуезов шығармашылығын оқыту мәселесінен әдістемелік ғылыми-зерттеу еңбегін жазды. Ал Қ.Бітібаева М.Әуезов шығармашылығын оқыту әдістемесін практикалық жағынан жетілдіре түсті. С.Қалиев Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдарын қарастырған. С.Мұқанов шығармашылығын оқыту әдістемесінен жазылған әдіскерғалым Әдебиетті оқыту әдістемесінен жазылған бірқатар әдістемелік нұсқауларда эпикалық текке жататын шығармаларды оқыту мәселесі талданады. Бұл қатарда С.С.Қирабаевтың, Қ.Мырзағалиевтің , К.Елікбаевтың құралдарын атауға болады. Эпикалық шығармаларды оқытудың ұстанымдары әдеби тектің өзге түрлерін, соның ішінде поэма жанры да бар, оқытуда қолданатын оқу-әдістемелік жұмыстармен мазмұндас. Көркем шығарманың тақырыбы, идеясы, көркемдік әлемі, тарихи-әлеуметтік ұстанымдар қай жанрды талдағанда болсын ортақ мәселелер екені белгілі. Дегенмен, поэманың көлемі, сюжеттік, композициялық құрылымы, образдар жүйесі, тілдік ерекшеліктерін талдауда, оқу-танымдық жұмыстарда күрделілігін байқатады.
Шығарманың идеялық мазмұнын ғылыми тұрғыда талдап айқындауда жазушының эстетикалық талғамын, дүниетанымын, көзқарасын танып білудің мәні зор. Ол көбіне жазушылардың өмірінен мәлімет беру арқылы жүзеге асырылып жүр. Әйтсе де, тек қаламгер өмірбаянын түсіндіру арқылы
поэмаларды оқыту әдістері олардың жанрлық ерекшелігінен туындайды.
Поэмадағы автордың айтпақ ойын зерделеу үшін бірнеше мәселеге көңіл аударған дұрыс. Алдымен автор неліктен шығарманы тарихи кезеңді сипаттаудан бастаған деген сұраққа жауап іздеу маңызды. Ойрат одағы жойылғаннан кейін шығыс аймаққа көшкен қандай рулардың арасында тартыс басталды. Тартыстың себебін ақын қай тармақтарда көрсеткен деген мәселелер талқыланса, екі жастың махаббаты трагедиямен бітуінің де нақты себептері айқындала түседі.
Поэма мәтіні бойынша жүргізілетін жұмысты екіге бөліп қарастыруға болады:
1. мәтін мазмұнын меңгеру;
2. мәтінге талдау жасау.
Мәтіннің мазмұнын меңгертуде анықтама сұрақтармен жұмыс, мәтіннің идеялық мазмұнын айқындау бағытындағы топтық жұмыстарға арналған тапсырмалар, сөздікпен жұмыс, шығарма идеясын, авторлық ұстанымды айқындайтын шумақтардан немесе образ композициясын құрайтын бөліктерден мәнерлеп оқу сияқты түрлі жұмыстар да сабақ үдерісінде назардан тыс қалмағаны орынды.
Поэманың мазмұнын меңгертуде тиімді ықпал ететін тәсілдің бірі ортақ ұқсастықтары бар өзге шығармалармен салыстыра қарастыру. Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасын «Қалқаман –Мамыр» поэмасымен салыстыру немесе әйел теңсіздігі тақырыбын көтерген басқа қаламгерлердің шығармасымен салыстыра қарастыру да шығарма сюжетіндегі айырмашылықтарды зерделетуге жағдай туғызады.
«Еңлік-Кебек» трагедиясы М.Әуезов шығармашылығына да өзек болғаны белгілі. «Еңлік–Кебек» пьесасының сюжеті Шәкәрім шығармасының сюжетінен алшақ кетпегенімен, қосалқы элементтердің кездесетінін аңғарту, пьесамен танысуды сыныптан тыс жұмыстарда ұйымдастыру да шығарма мазмұнын ауқымды талдауға мүмкіндік туғызады.
Әдіс-тәсілдердің, жаңа инновациялық технологияларды әдебиет сабағында қолдану қаншалықты ұтымды әрі тиімді екенің анықтау үшін 9 «А» және 9 «Б» сыныптарында тәжірибелік эксперемент жұмыс өткізуге болады. Алғашында екі сыныптың білім сапасы деңгейі 65%, ал білім үлгерімі 100% құрады. Сараптама жүргізу үшін әдіс-тәсілдер арқылы поэмалар оқытылды.
Екі сыныптың бастапқы көрсеткіш деңгейі:
Поэмалардың басым көпшілігі сюжет пен композиция, образдар жүйесінен тұрып, күрделі, ауқымды проблемаларды көтереді. Мұндай поэмаларға С.Сейфулиннің «Көкшетауы», І.Жансүгіровтың «Құлагер», С.Торайғыровтың «Кедей» т.б. поэмалары жатады. Лиро-эпикалық поэмаларда шиеленіскен оқиғалар болмайды, дегенмен поэманың басынан аяғына дейін әңгімеші рөлін атқаратын лирикалық кейіпкер,оның сезімі үлкен рөл атқарады. Лиро-эпикалық поэмаларды оқытуда мәнерлеп оқуды, поэма көтерген проблеманы меңгерту үшін, мәтіндік талдауды автор ізімен талдауды қолдану тиімді болып келеді. Мысалы, Ілиястың «Даласын» оқытудың жемісті жолы – алдымен мәтінді меңгерту. Ол үшін мәнерлеп оқи отырып, әр бөлімге аннотация беру керек. Аннотациян оқушылар үйден жазып келіп, сыныптағы талдау жұмыстарында пайдаланды. Поэманың күрделілігін ескере отырып, оның әр бөлімі бойынша төмендегідей мазмұндық жоспар жасап, іліп қоюға, керегінде пайдалануға болады.
Поэманы оқытудың сан қырлы жолдары белгілі. Барлық әдіс-тәсілдердің басты мақсаты оқушының білім деңгейін арттыру, ой өрісін дамыту, сөйлеу, мәнерлеп оқу, мазмұндау дағдыларын қалыптастыруі, сабақты тиімді әрі әсерлі өткізуге ықпалын тигізу. Әрине, осыған қол жеткізу үшін мұғалім жан-жақты, жаңашыл болу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет