Қaзaқстaн республикaсының ОҚу-aғaрту министірлігі



бет1/8
Дата07.05.2023
өлшемі78,24 Kb.
#90843
түріПоэма
  1   2   3   4   5   6   7   8

ҚAЗAҚСТAН РЕСПУБЛИКAСЫНЫҢ ОҚУ-AҒAРТУ МИНИСТІРЛІГІ
«ЕУРAЗИЯ ГУМAНИТAРЛЫҚ ИНCТИТУТЫНЫҢ ЖОҒAРЫ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ


БЕКІТЕМІН
Директордың ОІЖ орынбaсaры
__________С.Зaурбековa
«__»__2023 ж.


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән aтaуы: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Мaмaндығы: 0111000 – «Негізгі ортa білім беру»
Біліктілігі: 0111013 «Қaзaқ тілі мен әдебиет пәні мұғaлімі»
Тaқырыбы: Поэманы оқыту.
Қaбылдaғaн: Жaрмухaновa A.Ж
Орындaғaн: Кял 32 тобының студенті Серікболатұлы Нұрлыбек
ПБК жинaлысындa кaрaлды Хaттaмa № 1, 27.08.2020ж.
ПБК меңгерушісі
________ (ПБК меңгерушісінің aты жөні, қолы)

Aстaнa 2023
МAЗМҰНЫ




КІРІСПЕ

3

1.

ТАРАУ ПОЭМА ЖАНРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

5

1.1.

Поэма жанрының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен қалыптасу тарихы.

5

1.2.

Поэма жанрының ерекшелігі және оның түрлері.

6

1.3.

Мектептегі поэма жанрын оқытудың әдіс-тәсілдері бойынша сараптама.

7

2.

ТAРAУ С.СЕЙФУЛЛИН ПОЭМАЛАРЫНЫҢ ИДЕЯЛЫҚ-КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

10

2.1.

Поэмаларының көркемдік ерекшелігі.

10

2.2.

Сәкен Сейфуллиннің Арқаның кербез сұлу Көкшетауы поэмасы.

16




ҚОРЫТЫНДЫ

31




ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДЕБИЕТТЕР

32














КІРІСПЕ


Әдебиет – бізге өмір сүруді үйрететін оқулық. Дұрысымызды асырмай, бұрысымызды жасырмай көрсетіп, алғы күнге айдын жол ашады. Жастар шығармаларының да негізгі идеясы – тәрбие. Болашақтың алтын нұрларын себелейді. Біреу болса да білікті дүние беру – жас авторларымыздың жарқын межесі. Ол үшін шығарманың идеясы құнды, тәрбиелік мәні өткір келуге тиіс. Сонымен қатар әдебиет тарихатан да сыр шертеді. Әдибиет оқушының көзқарасын өзгертіп, ой өрісін дамытады.
Қазақ әдебиеті - қазақ өнері мен өмірінің айнасы, шежіресі іспетті. Осы өнер мен өмірдің кескінді сұлбасы қазақ әдебиетінде ежелден көрініс тауып келеді. Әдебиетті тек бір пән немесе сала деп қарастыру қате. Әдебеиетті біз жеке бір ғажап әлем деп қарастырамыз. Яғни, әдебеит әлемі деп айтып жүреміз. Бұл үлкен әлемді жанрға бөліп, жік-жігімен қарастырамыз.
Әдебиет – жекелеген ақын, қаламгерлердің шығармашылық жігерімен жасалады. Әдебиет жанрлары да сол көркем сөз зергерлерінің тынымсыз ізденуімен алға басады. Поэма — эпостық жанрдың бір түрі; белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық не лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма. Онда оқиға желісі өлеңмен айтылып, сюжетке құрылып, кейіпкерлердің қарым-қатынасын, тартыс-таласын, күйініш-сүйініш, мінез-құлық, іс-әрекеттерін суреттейді. Поэма көбіне сюжетке құрылғанынан оқырманды қызықтыра қойып, оны тез игеріп, түсінуіне жағдай жасайды. Сонымен қатар поэма көбіне бір астарлы ойды жеткізіп тұрады.
Оқиға желісі мән-мағыналы аяқталады. Дегенмен, поэма қарапайым, қысқа , сюжетке құрылып, жеңіл оқылады дегенді білдірмейді. Поэма көлемі жағынан күрделі және сюжетсіз де болуы мүмкін, бірақ терең мағыналы болып келеді. Поэманы оқушы мазмұндай алса, мәнерлеп те оқи алады, жатқа да айта алады. Мұғалім поэманы оқытудың жолдарын қарастырып, оны меңгертудің тәсілдерін іздестіру қажет. Курстық жұмыстың өзекті мәселесі болып табылатын поэманы меңгертудің тиімді жолдарын ұсыну ғана жұмыстың басты мақсаты емес, сондай –ақ поэма балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Бұл жанр оқушылардың ой өрісін, сыни ойлауын, сөздің мағынасын түсініп, меңгеруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор.
Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі.
Курстық жұмыстың мақсаты: қазақ әдебиетіндегі эпостық жанрдың поэма түрін оқыту барысында түрлі әдістерді пайдаланып, балалардың тілін, ой өрісін дамыту жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
– поэма жанрының өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
– поэма жанрлық ерекшеліктерін оқыту үрдісінде танытудың жолдарын саралап қарастыру;
– поэманы оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттерін талдап көрсету;
- поэма жанрындағы шығармалардың құрылысын меңгерту;
Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, зерттеу, баяндау, жүйелеу.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: Кейбір орта мектеп мұғалімдері мен жоғарғы оқу орны филология факультеті студенттеріне «Әдебиетті оқыту әдістемесі» пәнін оқытуда, «Поэма жанрындағы шығармалардың табиғатын таныту» тақырыбында арнайы курс, арнаулы семинарларда пайдалануға болады. Зерттеу нәтижелерін педагогика, психология пәндерінде, мектепте пән үйірмесін құруда қосьшша көмекші құрал қызметін толық атқара алады деп есептейміз.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет