Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет29/72
Дата15.11.2022
өлшемі3,26 Mb.
#50222
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72
Байланысты:
4 МР Үлгерім каз

«Физика» оқу пәні
Физика сабағында үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс істеу үшін 
білім алушылардың біліміндегі олқылықтармен жұмыс жасайтын әдістер мен 
нысандарды тиімді пайдалану қажет.
Оқыту әдістері – күрделі, көп жақты, көп салалы құбылыс.
Оқыту әдістері арқылы объективтік заңдылықтар, мақсаттар, мазмұны, 
принциптері мен оқыту формалары бейнеленеді.
Оқыту әдістері оқу-тәрбие процессінде үйретуші, дамытушы, 
тәрбиелеуші, ынталандырушы (мотивациялық) және бақылаушы – түзетуші 
кызметтерді атқарады [6]. 
Заманауи педагогикалық процесте қолданылатын әдістер саны, түрі орасан 
көп. Қазіргі күнде педагогикада әдістерді топтастырудың төрт жолы кең 
танылған. 
Әдістер әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі: 

оқу іс-әрекетінің сипаты бойынша: репродуктивтік, проблемалық, 
зерттеу, ізденушілік, түсіндірме – көрнекілік, бөлшектеп ізденіс (эвристикалы) 
және тағы басқалар; 

педагог пен білім алушының белсенділік деңгейіне байланысты: 
пассивті, активті, интерактивті; 

оқу материалының көзі бойынша: сөз, көрнекілік, іс-әрекеттік 
(практика); 

оқу-танымдық қызметті ұйымдастыру тәсілдері бойынша: іс- 
тәжірибеде білім, білік, дағдыларды қалыптастыру әдістері, жаңа білім алу 
тексеру және бағалау әдістері [7]. 
7-9-сыныптарына арналған «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы 
үлгілік 
оқу 
бағдарламасының негізгі 
міндеті 
білім 
алушылардың 
функционалдық сауаттылығын дамыту. Жаппай оқыту формасынан 
интерактивті, инновациялық, жобалық-зерттеу технологиялары, сандық 
инфрақұрылымды қолдана отырып, әр білім алушының жеке білім алу 
траекториясын жүзеге асыруға көшуді қамтамасыз ету қарастырылған. 
Қазіргі заманғы педагогика интерактивті тәсілдерге өте бай, олардың 
ішінде төменде келтірілген тәсілдерді бөліп алып 4-кесте), оларды сабақта тиімді 
қолдануға болады. 
4 кесте – Оқытудың формалары 


75 
Оқытудың 
формалары 
Оқыту ойындары (рөлдік ойындар, ым-ишара, іскерлік ойындар және білім 
беру ойындары) 
Қоғамдық ресурстарды пайдалану (маманды шақыру, серуен-саяхаттар) 
Әлеуметтік жобалар және оқытудың сыныптан тыс басқа да әдістері (әлеуметтік 
жобалар, жарыстар, радио және газеттер, фильмдер, қойылымдар, көрмелер, өлеңдер 
мен ертегілер) 
Жаңа материалды зерделеу және бекіту (интерактивті дәріс, көрнекі құралдармен, 
бейне- және аудио материалдармен жұмыс, «білім алушы мұғалім рөлінде», 
«әрқайсысы әрқайсысын оқытады», сұрақтарды пайдалану және тағы басқа) 
Күрделі және пікірлесу сұрақтары мен мәселелерін талқылау («Өз бағытыңды ұстан 
(пікірлер шкаласы)», «ҰТМС-формула»
1
(«ПОПС-формула»), жобалық техникалар, 
«Жалғыз – бірге – бәріміз бірлесе», «Бағытыңды ауыстыр», «Әткеншек», 
«Телевизиялық ток-шоу стиліндегі пікірталас», пікірсайыстар, симпозиум) 
Мәселелерді шешу («Шешімдер ағашы», «Шытырман талдау» мыйға
шабуыл,
«Келіссөздер және медиация». 
Кейс-стади әдісі 
Көрсетілімдер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет