85
құбылыстың уақыт бойынша ағымын өзгертуде,
оларды нақты өлшемдер
шеңберінде түрлендіріп, эксперимент жүргізу ауқымын кеңейтуде маңызды рөл
атқарады.
Бұл ретте, жұмыс кешенінде қолданылатын барлық әрекеттер төменде
көрсетілгендей бағытталуы тиіс:
жоспарлауға үйрету (білім алушылар өз мақсаттары мен міндеттерін
дәл айқындауды, қойылған мақсаттарға қол жеткізудің
негізгі кезеңдерін
жазуды, жұмыстың бүкіл уақытында мақсатқа қол жеткізу бойынша өз ойын
шоғырландыруды үйренулері тиіс);
ақпараттарды, материалдарды жинау және іріктеу дағдыларын
қалыптастыру (білім алушылар қажетті ақпаратты таңдауды және оны дұрыс
пайдалануды үйренуі тиіс);
осы немесе басқа жұмыстардың нәтижелерін талдау ептілігін дамыту;
оқу мақсаты бойынша (білім алушы
жобаны көпшілікке көрсете
білуді, тапсырманың мәтінін құруды, мәтінді техникалық тұрғыда
редакциялауды, библиографиялық тізімді сауатты ресімдеуді үйренуі тиіс) өз
бетінше жүргізген жұмысы туралы жазбаша есеп жасау ептілігін дамыту;
жұмысқа позитивті қатынасын қалыптастыру (білім алушы
бастамашыл, ынталы болуға үйренуі тиіс, жұмыстың
бекітілген жоспары мен
кестесіне сәйкес өз ісін мерзімінде орындауға тырысуы қажет).
Үлгерімі төмен білім алушылармен
«Физика» пәнінің оқытуды
ұйымдастырудың формалары мен әдістерін қолдану үшін төмендегі
ұсынымдар беріледі:
1.
Заманауи оқытуды ұйымдастырудың формалары мен әдістерді
тиімді пайдалану;
2. Жаратылыстану ғылымдары, технологиялар, инженерлік
шығармашылық және математиканы кіріктіруге
негізделген STEM-жобаларды
білім алушыларға ұсыну;
Сонымен қарастырылған «Физика» пәнін оқытуды ұйымдастырудың
формалары мен әдістері білім берудің практикалық бағытын күшейтіп, үлгерімі
төмен алушылардың ойлау қызметін дамытып және шығармашылық,
ізденушілік, зерттеушілік дағдыларын қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: