Дене тәрбиесі пән ретінде техникалық және кәсіптік білім беруде маңызды роль атқарып, жеке тұлғаның жалпыадамзаттық мәдениетсаласында өзін-өзі белсенді шығармашыл түрде жүзеге асыруға дайын тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Осы модуль оқыту процесінде білім алушыларға: денсаулықты нығайту, дененің негізгі физикалық сапаларын дамыту және ағзаның қызмет ету мүмкіндіктерін арттыру; базалық спорт түрлерінің техникалық-тактикалық әрекеттерін жетілдіру;өз денсаулығына қамқорлықпен қарау, оны нығайту және сақтау қажеттіліктерін тәрбиелеу; дене шынықтыру және спорттың пайда болу тарихы мен даму ерекшеліктері, салауатты өмір салтын дамытудағы ролі туралы білім деңгейлерін игеру; оқу және жарыс кезіндегі ұжымдық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты орындау және жеке тұлғаның оң қасиеттерін тәрбиелеу;адамгершілік-жігер қабілеттерін қалыптастыру.
Постреквизиттер
Дене тәрбиесі
Пререквизиттер
Дене шынықтыру және спорт
Оқытуға қажетті құралдар, жабдықтар
Граната -700гр,500гр. Ядро- 7247гр.4000гр. волейбол добы, баскетбол добы, гандбол добы, футбол добы
Гимнастикалық құралдар: гимнастиқалық ат, гимнастиқалық бөрене. т.б. Тогыз-кумалак ойыны. Үстел теннисі. Асықтар. Динамометр. Теориялық сабақтарға арналған рефераттар, лекциялар.