Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы «Отырар» колледжі БАЯНДАМА «Адамды және азаматты тәрбиелеу: студенттің құқықтары мен міндеттері»
Шымкент 2023 Кураторлық сағаты: "Адамды және азаматты тәрбиелеу:студенттің құқықтары мен міндеттері"
Күні:14.09.2023ж
Тәлімгер:Алдаберген Ұлбосын Ерғалиқызы
Кураторлық сағат мақсаты: 1.Студенттерге колледж ережесін түсіндіру.
2.Студенттерді құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.
1.1 Негізгі анықтамалар мен түсініктер Студент – колледж оқу орнының білім алушысы.
Намыс – жеке азаматтың адалдық, турашылдық, әділдік, шыншылдық сияқты жеке қасиеттерін бағалаумен байланысты кешендің моралдық-этикалық және әлеуметтік түсінік.
Интеллектуал – интелекті жоғары дамыған тұлға.
Миссия – жауапты тапсырма, рөл, жүктеме.
1.2 Негізгі ережелер Білім алу үшін өзіміз таңдаған жоғары оқу орынының, атап айтқанда «Болашақ» медицәина колледжің құрметтей отырып, оқу орнының Жарғысының негізгі ережелерін бұлжытпай орындауға міндеттенеміз. Колледж оқу орны студенттерінің отанымыз Қазақстан Республикасының интеллектуалды потенциалы екендігін және ата-бабаларымыздың жасап кеткен істерін ары қарай жалғастыруымыздың, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев тарапынан көрсетілген және белгіленген ұзақ мерзімді бағдарламаларды іске асыруымыздың керек екендігін түсіне отырып, біз өзімізге келесі міндеттемелерді қабылдаймыз:
● оқуға - біздің негізгі міндетімізге - жауапкершілікпен қарау;
● сапалы білім алуға ұмтылу, өзіміз таңдаған мамандық бойынша қажетті білімдер мен дағдыларды, қасиеттерді меңгеру;
● ата-бабамыздың рухани және мәдени мұраларын меңгеру, себебі, өткенді білмей болашаққа бару мүмкін емес;
● өз отанымыз Қазақстан Республикасын сүюді үйрену, оның саналы азаматы болуға ұмтылу және отанымыздың бізге деген нық сенімін тудыру;
● өз денсаулығымызды сақтау мен оны нығайту, себебі, біздің әрқайсымыздың физикалық және рухани жағдайымыздың келешек ұрпақтың денсаулығына, Отанымыздың қуаты мен байлығына, өсіп өркендеуіне, аға ұрпақтың дұрыс қаматамасыз етілуіне әсер ететіндігін дұрыс түсінеміз.
Жоғарыда атап өтілгендерді ескере отырып, біз осы Кодекс аясында студенттерге жүктелген міндеттемелер мен құқықтарымен толық келісеміз:
1. Мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес білім алу;
2. Келісім-шарттар бойынша қосымша білім беру қызметтерін алу;
3.Өзінің адамгершілік қасиеттерін сақтауға, ар намыс еркіндігіне, өзінің жеке пікірлері мен түсініктерін еркін баяндауға;
4. Колледждің барлық мәселелері бойынша талқылауға, соның ішінде қоғамдық студенттік ұйымдар мен колледждің басқару органдары арқылы, қатысуға;
5. Колледждің кітапханалары мен ақпараттық орталықтарының, электрондық ресурстар орталықтарының қызметтерін, емдеу мекемелерінің қызметтерін және басқа да қызметтерді тегін пайдалануға;
6. Барлық түрдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына, конференциялар мен семинарларға, мәжілістер мен конкурстарға қатысу мүмкіндігін пайдалануға;
7. Оқытушылардың сабақ өту сапасы мен тәсілдері туралы өз пікірлерін, сонымен қатар оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарын ашық айтуға;
8. Студенттік өзін -өзі басқару органдарын және студенттік қоғамдық ұйымдарды құруға;
9. Колледж қабырғасында, тәрбие жұмыстары мен студенттердің демалысын ұйымдастыру шеңберіндегі шараларға еркін қатысуға;
10. Оқу жоспарларында, оқу процесінің кестесінде қарастырылған барлық міндетті тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауға және тапсыруға;
11. Өздерінің мәдени және рухани деңгейлерін көтеруге, өздері оқитын колледждің мәртебесін арттыруға;
12. Жеке азаматтардың ар-намыстарын құрметтеуге, ЖОО оқытушылары мен студенттердің жеке пікірлерімен санасуға;
13. Колледждің мүлкін қорғауға, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, жатахқаналарда тұру ережелерін сақтауға;
14. Студенттердің өз қылықтары мен қимылдарына өздерінің жауап бере алатындықтарын ескере отырып, өздерінің қимыл әрекеттерінен бөтендерге зәбір көрсету, оларға күш көрсету, өзгені құрметтемеу, сыйламау, басқалардың мүлкі мен заттарын ұрлау сияқты іс-әрекеттерді (соның ішінде дөрекі сөйлеу мен қимылдау, айқайлау, түкіру және т.с.с.) болдырмау;
15. Студенттердің академиялық ар намысы мен абыройын сақтау, төмендегілерге жол бермеу:
● академиялық жұмыстарды орындау мен аралық немесе қорытынды бақылау барысында өзіне көмектесу мен басқа біреуге көмектесу мақсатында мәліметтер алуды, көшіру, заңсыз материалдарды пайдалану сияқты заңсыз әрекеттеріне бармау;
● бөгде біреулердің идеялары мен ойларын ұрлау немесе оларды өзінің жұмыстарының нәтижелері ретінде көрсету немесе пайдалану;
● тәртіп бұзудың басқа да заңсыз әрекеттеріне бармау: құжаттар мен мәліметтерді қолдан жасау, жалған сөйлеу, көшіру, мәліметтерді (соның ішінде компьютерлік) рұқсатсыз, өзгерту немесе пайдалану;
● өздеріне жүктелген міндеттерді орындай отырып, өздеріне берілген құқықтар шеңберінде студенттер марапатталуы мүмкін. Ол үшін колледжде марапаттаудың әртүрлі формалары мен түрлері болуы мүмкін;
● өздеріне жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін студенттерге әртүрлі шаралар да қолданылуы мүмкін: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, колледж Жарғысын орындамағаны үшін оқудан шығару