Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет3/4
Дата25.11.2023
өлшемі23,92 Kb.
#127489
1   2   3   4
Байланысты:
Баяндама студенттер құқығы

Студенттің құқықтары:
1. Оқудың бір түрінен екіншісіне, бір оқу орнынан басқа оқу орнына ауысуға, сонымен қатар білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіп бойынша ақылы оқу түрінен мемлекеттік білім беру тапсырысы жолымен оқуға ауысуға;
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен басқада тиісті мемлекеттік ұйымдар белгілеген тәртіп бойынша денсаулығына байланысты академиялық демалыс алуға;
3. Қазақстан Республикасының Заңнамаларында қаралса, әскер қатарына шақырылуын кейінге қалдыруға;
4. Оқу ақысын бүкіл оқу кезеңіне бір мезгілде толық төлесе онда төлем сомасы оқу мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейтін болады;
5. Оқуға төлемді кезең-кезеңмен төлеуге. Онда төлем сомасы жалақының ұлғаю жағдайында және инфляция индексіне сай жылына бір реттен жиі емес өзгертілуі мүмкін;
6. Қосымша ақы төлеу арқылы мемлекеттік стандарттық білім беру қызметінен басқа қосымша білім алуына;
7. Колледждің шешімімен жеке оқу жоспарымен немесе жеделдетілген бағдарламамен шартқа қосымша тіркемемен белгіленіп қосымша білім алуға;
8. Кітапхана қорындағы және оқу залындағы ғылыми, оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттерді, техникалық құралдарды еркін пайдалануға;
9. Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен академиялық демалыстан кейін колледжге кайта қабылдануға;
10. Студенттердің өзін-өзі басқару ұйымына қатысуға.
Ақылы білім берудің тәртібі мен мөлшері
1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының көлемінде ақылы негізде оқу үшін төлем ақы теңгемен төленеді;
2. Төлемақы жалақының өсуіне, инфляциялық жағдайға байланысты әр жыл сайын бекітіліп отыруға;
3. Төлемақыны бүкіл оқу кезеңіне бір мезгілде немесе кезең-кезеңмен төлеуге болады;
4. Төлемақыны бүкіл оқу кезеңіне бір мезгілде толық төлесе, төлем сомасы оқу мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейді (ҚР білім беру туралы Заңы 63-бап,6-тармақ);
5. Төлемақы кезең-кезеңмен төленсе, төлем жалақының ұлғаю жағдайында және инфляция индексі ескеріле отырып жылына бір реттен жиі емес өзгертілуі мүмкін (ҚР білім беру туралы Заңы 63-бап,6-тармақ);
6. Төлемақы өзгерген жағдайда осы шартқа қосымша жасалынады. Оқу ақысының өсу мөлшері жалақы мен инфляция индексінің өсуінен асуға тиіс;
7. Төлемақы колледждің есеп шотына аудару арқылы төленеді;
8. Басқа оқу орнынан ауысып келген студент оқу ақысын директордың сабаққа қатысуына рұқсат бергені туралы бұйрығы шыққаннан кейін төлейді;
9. Кезекті төлемақы уақытында төленбесе, студент аралық, қорытынды бақылауға жіберілмейді, одан кейін оқудан шығарылады. Бұл жағдайда ол оқыған кезеңдерінде жиналып қалған оқу ақысының шығыны мен қосымша шығындарды төлеуге міндетті;
10. Студент төлемақыны төлемегені үшін немесе толық төлемегені үшін оқудан шығарылған болса, оқу ақысын толық мөлшерде төлеген жағдайда, оқу орнына кайта қабылдануға құқығы бар;
11. Студент сабақтан қанағаттанарлықсыз баға алса, себепсіз курс жұмысын қорғауға уақытында қатыса алмаса, аралық бақылауды, сынақ емтихандарды қайта тапсырса осыған кеткен қосымша шығындарды төлеуге міндетті;
12. Студент оқу үшін төлемақысын төлемесе, сессияға жіберілмейді, кейін оқудан шығарылады, төлемақыны төлемеген жағдайда жиналған қарызы қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес өндіріліп алынады;
13. Осы шартты орындамаса, не толық орындамаса жақтар Қазақстан Республикасының Заңнамалары талаптарына сай жауапкершілікке тартылады;
14. Төлемақыны төлеу туралы шарттың күші студенттің оқудан шығуы туралы бұйрық шыққан күнге дейін сақталады;
15. Студенттер өз міндеттерін бұзған жағдайда арнайы шаралар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет