Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы» мм



бет3/22
Дата02.04.2023
өлшемі49,7 Kb.
#78498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Антисемитизм еврейлерге қарсы бағытталған, оларды қудалауға арналған саясат пен идеологияның түрі
Апартеид – нәсілдік жағынан бөлу, қорлау саясаты. Ол сайлау құқығынан айыру, бірдей еңбекке төмен ақы төлеу, көшіп – қонуды шектеу және т.с.с. көрініс береді
Апатридтер - ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар
Аристократия −ақсүйектер әулеті, билік жүргізетін мемлекеттік басқарудың түрі
Ассамблея - халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы
Ассимиляция - бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі
Ассоциация - белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелер бірлестігі
Әлеуметтік саясат – қоғамның ең жақсы дамуын қамтамсыз етуге, әлеуметтік мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға лайықты өмір салтын орнатуға бағытталған саяси шешімдер мен іс-әрекеттер жиынтығы. Оған ең алдымен халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, жалақыны көтеру, денсаулық сақтау, білімін көтеру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және т.б. жатады. 
Әлеуметтік-саяси институттар - біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік және саяси жүйелік түзілім
Әлеуметтік-саяси элита - қоғамның иерархиялық әлеуметтік құрылымындағы негізгі бұқара көпшіліктен белгілі бір ерекшеліктерімен айрықшаланып, жетекшілігі, жеңілдіктері бар және мемлекеттік билікке салмақты ықпал жасайтын немесе оны жүзеге асыратын адамдар тобы, жігі
Әмбебап партиялар – мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге тырысқан партиялар. Сондықтан оларды сайлаушылар партиясы деп те атайды. Мұнда әлеуметтік, этникалық, діни және т.б. өзгешеліктеріне мән берілмейді. (мұндай партиялардың саны соңғы жылдарда Еуропа мен Аметика елдерінде етек алуда)
Бедел - белгілі бір тұлғаның немесе адамдардың салмақты ықпал жасаудағы әрекеті.
Бейсаясаттық – азаматтардың, халықтың бір бөлігінің саясатқа, саяси өмірге самарқау, парықсыз, теріс көзқарасы, қатынасы.
Бейтараптылық – 1) екі жақтық айтыс, талас, дау-жанжалдарына кіріспеушілік; 2) соғысқан елдерді жақтап, соғысқа кіріспеу міндетін алған мемлекеттің халықаралық құқықтық мәртебесі және сол бағытта жүргізілген саясаты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет