Қазақстан республикасының ОҚу-ағарту министрлігі түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



бет1/2
Дата16.05.2023
өлшемі130,73 Kb.
#93801
  1   2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ИНДУСТРИЯЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

«К Е Л І С Е М І Н» «Б Е К І Т Е М І Н»


Педагог ұйымдастырушы Директордың тәрбие
__________Д.Ж.Тленчиев ісі жөніндегі орынбасары «01» 09.2022 ж. __________Қ.А.Құрманқұлов
«01» 09.2022 ж.

Білім күні – 1 қыркүйек!




Мамандығы: 070220700- «Полимерлік өндіріс технологиясы»
ПТ-9-21/г тобы
Топ жетекшісі: Сегізбаев Жаңабек Махашұлы


Ақсукент 2022 жыл
1 қыркүйек құтты болсын!


Күні : 02.09.2022ж
Мақсаты: Үлкен үміттер күні.

Кеше ғана жадыраған жазды құшақ жая қарсы алып, мәз-майрам боп едік. Бүгін жаз да қол бұлғап, есіктен қимай-қимай қарап тұр... Күз бір өзі келген жоқ. Білім күнін ерте келді. Білім күні - жас үшін де, кәрі үшін де мерейлі мереке, зор қуаныш. Білім күні - жас жүректердің дүрсілі. Бұл күні біреулер мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, мектеп атты зәулім ғимаратқа имене көз тастаса, біреулер университет қабырғасына балмұздақ болып қонақтап жатыр. Бұл күні балалармен бірге мұғалімдер де, ата-аналар да бір жасап қалады.
1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірумен сипат алса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады. Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, өзі армандаған мамандыққа қол жеткізген ЖОО-ға мақтанышпен келген мектеп қабырғасын жаңа ғана аяқтаған түлектер, осы күйді екінші рет бастан кешіп отырған ата-аналар. Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!
1 қыркүйек - бүкіл балаларының мерекесі. «Өйткені, бұл күні барлық калалар мен ауылдарда тұратын кішкентай бүлдіршіндер сөмкелері мен кітаптарын алып, тұңғыш рет класс есігін ашу үшін томпаңдап, мектепке бара жатады!»
Егер еліміздегі барша мектепті бір жерге жинар болса, онда ол пәлен миллион шәкірті бар алып мектеп-қала болар еді!
Егер 1 қырқүйек күні балалардың мектепке әкелген гүлінен бір гүлшоғын жасар болса, оны салып қою үшін дәл стадионның аумағындай ыдыс керек болар еді!
Егер барша мектептің қоңырауы бір жерден кағылар болса, онда олардың көңілді күмбірі жұмыр жерді тербелтер еді.
Еліміздің әрбір балақаны үшін мектепте орын дайын тұрады. Бізде барлық баланың оқып, білім алуына қақысы бар. Мұның бер жағында: олар оқуға міндетті. Егер олар оқып білім алмаса, онда не болар еді дейсіңдер ғой?
Оқу қонбаған кісі үй салса - қабырғалары құлап қалар еді.
Теңізші болса - кемесін қайраңга тіреп қарап отырар еді.
Тігінші болғысы келсе - тіккен киімінің жеңі желкесіне, жағасы етегіне кетіп, жұртқа мазақ болар еді.
Сен өміріңде қандай да бір арманыңды жүзеге асыру үшін: болат балқытып, адамдарды ажалдан арашалығың келсе, комбайнды астықты алқапта жүздіріп, самолетті, көгілдір аспанда самғатқың келсе, заводтарда машиналар жасап, орманды ойып сәнді қала орнатқың келсе, онда ең алдымен оқуың қажет! Мамандық атаулыға апарар жол мектептен басталады.
Мектеп білімін игеру де оңай емес. Кейде кітап оқуға зауқың соқпай, одан да серуендегің, ойнағың, телевизор көргің келеді. Әнеки, мектеп дәл осы сәттегі көңілің ауған істі жасауға емес, тиянақты істі тындыруға, қажырлылықпен оқи білуге үйретеді.
Мектепте 11 класс бар. Бұл шексіз білім биігіне апарар алғашқы 11 баспалдақ іспетті. Әр баспалдаққа шығып, өрлеген сайын айналаң айқын көріне бастайды. Бірақ мектеп сегіз жылдық немесе он бір жылдык деп аталғанмен оның сошы класын білімнің соңғы баспалдағы екен деп ұқпаған жөн.
Көптеген балалар сегіз жылдықтан соң ПТУ-ға - кәсіптік-техникалық училищелерге түсіп, мектепте алатын білімге қоса, арнаулы білімді - жұмысшы мамандығын игереді. Ал жұмысшылардың да өз баспалдақтары - разрядтары болады. Жұмысшы шеберлігі артқан сайын оның разряды да жоғарылай бермек, ең алдымен - 1-, одан соң - 2-, ал одан кейін - 3-, 4-, 5-, ең соңында - 5-разряд беріледі. Жұмысшы өз мамандығын одан әрі жетілдіре берсе, онда шебер атанады, демек ол да білімнің тағы бір баспалдағына шықты деген сөз.
Ал енді дәрігер, инженер, агроном болғандар әрі қарай оқымай ма? - Оқиды, әрине, оқиды! Дәрігер-хирург оқымаса кеше ғана мүмкін емес деген операцияны жасауы, жаңа аппараттарды меңгеруі мүмкін болмас еді. Агроном жаңа тыңайтқыштың өзіндік касиетін, өсімдіктің жаңа тұқымын өсірудің тәсілін де білмес еді. Ал мұғалім ше?! Ол өзгелерді оқытып қана қоймай, өзі де тынбай оқуға тиісті. Өйтпесе өмірден мүлде калып қояр еді. Айталық, мектепке компьютер - программалық қондырғысы бар электрл і-есептеу маши насын әкелді делік. Егер мұғалім осынау ақылды машиналардың «тілін» өзі білмесе, онымен жұмыс істеуді шәкірттеріне қалай үйретпек?
Тіпті төрткіл дүниенің қыр-сырын түгел біледі дейтін профессор, академик, әлемге аты әйгілі ғалымдар да оқып-үйренуден жалықпайды-ау. Бір сөзбен айтқанда, еңбектеген жастан еңкейген кәріге дейін өз білімдерін толықтырып, оқи беруге тиіс.
Сондықтан да 1 кыркүйек - мектеп оқушыларының ғана емес, әр түрлі жастагы кез келген мамандық иесінің, бүкіл халқының мерекесі. Сол себепті, ол Білім күні деп аталады. Білім күні жылына бір-ақ рет өткізіледі. Ал білім жыл он екі айдың барлық 365 күн бойына, тіпті бүкіл ғұмыр бойына жиналады. Мектеп босағасын тұңғыш аттаған бүлдір- шіндерге ұстаздары дәл осы туралы әңгімелейді. Балалардың - мектепте көптеген пәндерді математиканы, табиғат тануды, сурет салып, ән айтуды оқып үйренулеріне тура келеді.
Сөйтіп, қоңырау күмбірлеп, сабақ та басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет