Мәтін бірліктері: айтылым, күрделі синтаксистік бірлік, композиция Мәтін бірліктерінің қатарыңда - айтылым мәтін құрылымы, семантикасы, көлемі және айтушының (адресанттың) көздеген ойына, демек, прагматикалық бағдарының қызметіне қарай анықталады. Айтылым кейде сөйлемнің орнына синоним ретінде жұмсалатыны бар. Алайда бұл бірліктер синоним емес. Айтылым аспектісі сөйлемнен бөлек. Мұнда сөйлеуге тән: интонация және акутальді мүшелену, қатысым әрекеті кезінде көрінетін бейвербалдық сипаттардың ым, ишараттың болуы, сондай-ақ айтушының өз ойына сенімділігі сияқты ерекшеліктер бар. Зерттеушілер айтылымды толық семиологиялық реакция, яғни әсер деп көрсетеді.
Берілген көлеміне қарай, В.Скаличка бір сөзді, істі бір роман мәтінін немесе бір ғылыми трактатты айтылым деуге болады дейді. Ал қазіргі зерттеушілер айтылымды екі мүшеден тұратын бірлік ретінде, мәселен, қаратпа сөз, одағай құрылымдас, диалогтағы қысқарған репликалар деп қарастырады. Айтылым дәстүрлі түсінік бойынша сөйлемге немесе сөйлемнен де көлемді номинативтік тізбектер, атаулы тақырыптар, парцеляттар, бағалауыштық құрылымдарга сәйкес келуі мүмкін. Сонымен, айтылым сөзге, жай сөйлемге, сөйлемдер тобына тең болатып, олардың негізгі, басты сөйлемі болып табылады. Айтылым мәтіннің ең кіші бірлігі болғандықтан кейде «сөйлем, мәтінң деп те аталып жүр. Алайда күні бүгінге дейін мәтін деу үшін қандай көлем болуы тиіс екендігі басы ашылмаған, даулы нәрсе.
Мәтін көлемі әдетте тұтас шығарма ретінде кабылданады. Ол өз ішінде шағын құрылымдық-мағыналық бөліктерге бөлінуі мүмкін. Н.С.Поспелов оны күрделі синтакистік тұтастық десе, Л.А.Булаховский фразадан тыс бірлік деп атаған. Бұдан басқа да тілдік терминологияда фразадан тыс бірлік, прозалық шумақ, синтаксистік күрделі бірлік, күрделі фразалық тұтасым сияқты атаулар кездеседі және синонимдік қолданыста бар. А.Байтұрсынов осы мәселеге қатысты былай деген: «Сөйлегенде ойды тақ-тұқ қысқа етіп білдіретін орын да болады. Ойды ұзын айтып, орағытып келіп білдіретін орын да болады. Ұзын айтканда ой дәуірлеу бетімен барып қайтатын түрі болады. Сөйлеудің сондай түрлері орамды деп аталады».
Ойды білдіруде жеке сөйлемнің грамматикалық, интонациялық, предикаттық тиянақты бола тұра, көп жағдайда қатысымдық (коммуникация) жағынан ой дербестігі бола бермейді. Сондықтан да ойды толық жеткізу үшін жеке сөйлемнен де көлемді бірліктің бар екені байқалады. Сөйлемнің өзіне тән синтаксистік тиянақтылығы болса да, қатысымдық тиянақтылыққа жетпей тұрады. Бір сөйлемде тек берілетін ақпараттың бөлігі немесе ойдың бастамасы ғана көрініп, ал қалған ойдың толық аяқталуы, ақпараттың тұтас жеткізілуі келесі сөйлемде жүзеге асырылады. Екінші сөйлемдегі ойдың жалғасы үшінші, төртінші сөйлеммен аяқталуы мүмкін. Демек ой тиянақтылығы бірнеше сөйлем тізбектерінен көрініс табады. Сөйтіп адресат пен адресант арасындағы қатысымдык әрекет толық жүзеге асырылуы үшін бірнеше сөйлем, кем деген де екі не одан көп сөйлеммен шектелуі тиіс. Міне, осыдан барып, күрделі син- таксистік тұтастык арқылы ғана қатысым жүзеге асырылады. Бірнеше күрделі синтаксистік тұтастық аяқталған мәтінді байқатады. Сонымен әрбір синтаксистік бірліктер арқылы берілетін автордың өзіндік ойлары мен түрлі пайымдаулары бір-бірімен жалғасып, шығарма сюжетіне орай көптеген ұғымдар арқылы мәтін түзіледі. Мәтінде суректердің ой гұжырымы көрініс табады. Мәтін ретінде бір жол, мысалы, ақынның «Өзімді жек көргендең де- ген өленіндегі жеке жолдан тұратын Мен өзімді кейде жек көрем. Мұң аралас бу жұттым (Т.Медетбек); бір шумақ өлең, шағын әңгіме (кейінгі кезде қазақ әдебиетінде көрініп жүрген қысқа әңгімелер циклі) күрделі синтаксистік тұтастыққа жатқызуға болады. Автор шығарма мәтінін түзгенде оның құрылымын өзіндік ой мақсатына сай қолайлы етіп құрастырады. Мәселен, шығарма мәтінін құрайтын тараулар, онын ішінде ұсақ бөліктерден тұратын тарауша- лар және бірнеше сөйлемнен тұратын абзацтар болады. Бұлардың бәрі мәтін құрылымдық-прагматикалық бөліктеріне жатады.