ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
КОЛЛОКВИУМ
Орындаған: Қанат П.Ш.
Тексерген: Жусанбаева С.Б.
Алматы, 2023-2024 жж.
Мәтін және автор. (мәтін тудырушы). Мәтін. Оқырман. Мәтін – қатысымдық тұлғалардың ішіндегі – тұтастығымен ерекшеленетін бүтін жүйе. Тіл білімінде қатысымдық бағыт дами бастағаннан кейін, осыған байланысты сөйлемнен де ірі тілдік тұлғаның бар екеніне оқытушылар мен тілшілер назар аудара бастады. Бұрын мәтін дербес жиынтық тұлға ретінде жеке өзі зерттеу өзегі болмай, тек сөйлемді жан-жақты білу үшін жұмсалатын контекст есебінде қарастырылатын де, көбінесе оның сөйлемге қатысты жақтары сөз болатын.
Мәтін лингвистикасы филологияда ерекше пән ретінде XX ғасырдың ІІ жартысында қалыптаса бастады. Біріншіден, ол поэтика, риторика, стилистика, герменевтика, семиотика сияқты гылым салаларының тоғысында дүниеге келді.
Екіншіден, оның пайда болуы түрлі мектептің өкілдері мен ғылыми көзқарастардың мәтінді түсіндірудегі мыңжылдық тәжірибесі негізінде жүзеге асты.
Көркем шығарма немесе кез келген мәтін қатысымдық негізде құрылып, оқырманға, қабылдаушыға әр түрлі әсер етеді. Сөйлеу актісінің орын алуы үшін мәтіннің қосылуы шарт болса, мәтінді тудырушы адресант пен мәтінді қабылдаушы адресаттың да болуы қажет. Автор мен оқырман байланыс арнасының екі жағында болғандықтан қарым-қатынас барысында екеуінің де рөлі ерекше. Әдетте көркем шығармада автор ролінің маңызы зор. Дегенмен оқырманның да психологиялық күйі мен қабылдау, пайымдау табиғатын жоққа шығаруға болмайды. Мәтінді оқып түсіну арқылы оқырманның әлеуеттік болмысы қалыптасады. Оқырманның мәтінді қабылдауы жөнінде белгілі ғалым Н.Уәли былай дейді: «...ықпал етуші субъектінің, сырт қарағанда, сөз мәтінін тудырушы, өндіруші ретінде әрекеті белсендірек көрінеді де мәтін қабылдаушыда белсенділік жоқ сияқты сезіледі. Алайда мәтінді қабылдаушыда да белсенділік болады. Бірақ бұл белсенділік — ішкі белсенділік».
Көркем мәтінде тура қатынас орнамағандықтан, оқырман тікелей адресат ретіндс қарастырылмайды. Адресатты анықтауға ықпал ететін жайттар ретіңде шығарманың бағытын, стилін, автордың жеке тілдік қолданыс ерекшелігін көркем мәтіннің қатысымдық мәні мен қызметін айтуға болады.
Көркем мәтіңде басқа мәтіндерге қарағанда коммуникация үдерісі күрделірек болады. Себебі, көркем мәтінде баяншы және қабылдаушымен қатар автор бейнесі мен оқырман бейнесі қалыптасады.
Автор мсн адресат қатысым барысында бір-бірінен ажырағысыз күрделі құрылымдар ретінде қарастырылады. Бұл жөнінде Қ.Есенов: «Бірі - қандай да бір идеяны туындатып мәтінге айналдырса, екіншісі - сол идеяны меңгеріп, мәнге айналдырады. Адресантты жасампаз, шебер шығармашылық қабілеті бар тұлға десек» адресатты сол туындыны түсінетін, тереңінен ұғынатын қабылдаушы деуте болады дейді. Сондықтан да көркем мәтінді қатысымдық тұрғыда қарастырғаңда оқырман көзқарасымен, қабылдауымен астастыра талдау қажет. Мысалы:
Көркем шығармадағы автор мен оқырман арасындағы коммуннкацияның жүзеге асуьн былайша көрсетуге болады:
көркем шығарманы тудырушы — автор;
көркем шығарманың идеясын жеткізуші - баяншы;
көркем мәтіннің мазмұны - хабар;
көркем шығарманы қабылдаушы - адресат.
Автордың оқырмансыз ұзаққа бара алмауының себебі: оқырманы болмаған автордың еңбегі бағаланбай, оқылмай қалатындығы. Автор оқырманмен тікелей қарым-қатынасты қажет етеді.
Оқырман – әдеби шығарманы қабылдап, саралайтын орта және үштік концепциясының бір бөлігі. Автор шығарманы тудырып қана қояды, ал оқырман оның ғұмырын анықтайды. Яғни шығарманың ғұмырының ұзақ болуы немесе қысқа болуы оқырманға байланысты.
Автор мен оқырманның мәтінге деген көзқарасы бірдей болмайды. Әр адамды жеке индивид ретінде қарастыратын болсақ, әр индивидтің өмірге, құбылысқа және жағдаяттарға көзқарасы, танымы мен пайымы әртүрлі болады. Қабылдау кезінде оқырманның өмірлік тәжірбиесі мен тарихи жады маңызды рөл атқарады. Мәтінді тану, түсіну үшін қабылдаушы алдымен мәтін авторы өмір сүрген дәуір, мәтіннің тууы кезіндегі қоғамдық-әлеуметтік, саяси жағдай, дәстүрді біліп барып қана, автордың, мәтіннің философиясына үңіле алады. Сол дәуірдің толық бейнесін біліп, тарихи процестер, оқиғалар тіріліп, сөйлегенде ғана авторды, мәтінді, бейнелерді түсіну шындыққа айналады. «Тарихи тұлғаны тек «іштей ене» түсіну ғана мүмкін, яғни соның «терісін жамылып», соның орнына өзінді қойып қана ол туралы бір нәрсе айта аласын.
Шынайы ұғыну қаншалықты біреудің «ішкі тұңғиығына» бата білсең, соншалықты одан биікке көтеріле алуды талап етеді. Ұғыну үшін танымдық контекст болу керек. Біздің танымдық контекстіміз қаншалықты кең болса, яғни біздің зерттеу объектімізді салыстыратын, қарама-қарсы қоятын басқа объектілер көп болса, соншалықты біз оны «зерттеу объектісін» терең түсінеміз.
Түсіну, ұғыну процесі қабылдаушыға, оның қасиеттеріне байланысты болғандықтан, қабылдаушы автордың рухани дүниесіне еніп, шығармашылық актіні жаңғырта отырып, мәтінді қайта өңдейді. Түсіну мен ұғыну процесі - мейлінше диалогты, автор мен қабылдаушы диалогы. Автор идеясын мәтіннің құрылымы арқылы жасап, жасырса, диалогтың екінші жартысы қабылдаушы мәтінді қайта өңдейді және жасырынған мағынаны шешеді. Мәтіннің диалогтігі, жалпы ойлау мен сөйлеудің диалогтігінен, сөйлеуші мен тыңдаушы грамматикаларының диалогтігінен бастау алған. «Адам іс-әрекеті потенциалды текст және ол өз уақытының сұхбаттық контексті арқылы ғана түсіндіріледі.
Текст (әңгіме, сөз, хат, оқиға) әрқашан біреуге бағышталған әрі сол бағышталғандығымен ғана құнды, бағалы. Текст авторының ішкі дүниесімен қатар өзіндік көзқарасы, дүниетаным шеңбері бар.
Мәтін – автор мен оқырман арасындағы байланыс емес, ол тудырушы мен тұтынушы арасындағы ой, пікір, сана-сезімдерінің араласып тоғысатын нысаны. Мәтіннің диалогтылығы полилог, полифония, коммуникацияға айналады. Сонымен бірге, мәтінді ұғыну, түсіну арқылы әр кезең, әр мәдениет, әр этнос, жеке тұлғалардың түрлі ой-пікірі, түсінігі белгілі болып, мәтінтануда көпварианттылық, көпқырлылық, көпдауыстылық туып, дамиды.
Мәтінді түсіну кезінде дәлме-дәл ойлап, сөзбе-сөз оқудың орнына автордың ойын, дүниетанымын, қоршаған орта мен адамдардың дауысына мән беруіміз керек. Яғни қоршаған ортаға, оның адамдарының ойы да авторға әсер етеді.