Қазақстан республикасының ОҚу-ағарту министрлігі


Прозалық және өлең мәтіні



бет6/6
Дата20.10.2023
өлшемі154,73 Kb.
#119987
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қанат Перизат коллоквиум

Прозалық және өлең мәтіні
Прозалық мәтіндер әдетте шағын, орта, кең көлемді болып үш түрге бөлінеді. Академик З.Қабдолов: «Шағын көлемді эпикалық түрге жататын әдеби туындыларда, негізінен, өмір шындығы бір немесе бірер ықшам эпизод мөлшерінде, адам тағдыры бір немесе бірер жинақы оқиға көлемінде ғана көрсетіледі. Оқиғаға қатысатын қаһармандар санаулы, олардың басынан өтетін құбылыстардың бәрі емес, кейбір үзіктері ғана суреттелетін болғандықтан, мұндай шығарманың көлемі де шағын, ықшам. Адам мінезі мұнда көбіне қалыптасқан, дайын қалпында көрі­неді... Шығарманың сюжеттік арқауы ұзақ желілі, арналы даму үстінде емес, қысқа қайырылған келте суреттер түрінде тізбек­ теледі; композициясы да – жинақы, үйірімді, ширақ», – деп атап өтеді. Шағын көлемді эпикаға тән жанрлық түрлердің бірі – әңгіме.
Әңгіме – қиын жанр. Алдымен көлемі шағын. Ол жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Содан соң оқырманды бірден үйіріп әкету үшін, сол шағын көлемдегі өмір эпизодының өзі соншалық тартымды, сюжет желісі қызғылықты болуы тиіс. А.Твардовскийдің белгілі орыс жазушысы Ю.Трифоновқа: «Әңгімеден бастаңдар. Он беттік әңгіме жазуға құлшынып көріңдер де, әкеліңдер» деген сөзі проза жазумен айналысушылар үшін әңгіменің ерекшелігін айқындайды. Әңгіменің маңыздылығы композициясының нақтылығында, сюжеттік тартыстылығы, өткірлігі автордың көркемдік-идеялық шешімінің айқындылығы, кейіпкерлердің мінез-қылығы әрі олардың нақты іс-әрекетте көрінуі, диалогтың барынша тығыздығы». Л.Н.Толстой «бір әңгімеде бәрін айтумен әуестеніп кетпеңдер» деген ескертпе жасайды. Әңгіме шұбалаңқы болған сайын, оқырман ынтасы кемиді. Ол қарапайым әрі қысқа, нағыз көркемдік жинақылықпен жазылуы тиіс. Сонымен бірге ол өмірлік шындықтың көрінісін дәл, шынайы жеткізуімен де көркем. Алайда, ондағы көркемдік қиял, елестетудің өзі өмірмен өзектесуі тиіс. В.Т.Короленко: «Қиялда да өмірлік, көркемдік шындық болуы тиіс. Оқырман қиялға да ақиқат тұрғысынан сене білуі керек», – дейді. Әдебиетші талданатын әңгімелердің түпнұсқасымен ғана емес, қаламгердің тұтастай шығарашылығымен және оған қатысты әдеби зерттеулер, сын-мақалалармен де танысуы қажет. Ал, повесть – орта көлемді эпикалық түрдің үлгісі. «... орта көлемді эпикалық түрдің жұрт таныған кейбір жанрлық сипаты – мұнда шағын эпостағыдай бір емес, бірнеше оқиға, адам өмірінің бір, не бірер эпизоды ғана емес, бір алуан кезеңді құбылыстары кеңірек, біраз дамытыла суреттеледі. Сондықтан, әңгімеге қарағанда, повестің көлемі де үлкен, сюжеті де күрделі, ондағы өмірлік тартыстардың оқиғаларға тұтаса басталуы мен байланысы, шиеленісі мен шешімі де әлдеқайда табиғи, заңды, оқиғаға қатынасатын қаһармандар да біреу емес, бірнешеу, кейде тіпті ондап саналады». Талдау кезінде повестің осындай сюжеттік-композициялық ерекшеліктерін танып, бағалау талдаудың сапалы атқарылуының кепілі болып табылады. Басты ерекшелік – түпнұсқаның стильдік-мәтіндік құрылымы. Роман жанры шытырман оқиғалы, психологиялық, әлеуметтік утопиялық, тарихи-детективті, ғылыми-фантастикалық, т.б. бөлінеді. ХVІІІ ғасырдан бастап роман жетекші жанр болып қалыптасты. Ол барынша ауқымды сюжеттік сипатпен ерекше­ ленеді. Ондағы ең бастысы жекелеген тұлғаның мінез-құлығының белгілі ортамен, қоғаммен қарым-қатынаста дамуын көрсету. Әлеуметтік орта мінез-құлықты ашудың аясы болып табылады. Сюжет – кейіпкерлердің арасындағы тартысты дамытады, мінезқұлықтың ішкі өзгерісін дәлелдейді. Сондай-ақ «роман – өмірлік құбылыстар кең шеңберде бейнеленетін, көптеген кейіпкерлердің тағдыры бар күрделі­ лігімен және көпқырлы сипатымен қарастырылатын баяндау мәне­ріндегі шығарма. Романның тағы бір қыры авторға шын­ дықты кеңінен көрсетуге мүмкіндік береді. Тек осы жанрда ғана анағұрлым толық түрде заманның әралуан үрдісі, қоғамның әлеу­меттік әрі рухани дамуының маңызды кезеңдері ашылуы мүмкін. Жанрдың құрылымның өзі оқиғаларды кеңінен қамтуды талап етеді». Романды талдау барысында әдебиеттанушы ең алдымен, ав­тор шығармасындағы заман тынысын, өмір құбылыстарын қан­ шалықты кең қарымда бейнелегеніне көз жеткізу керек. Көпте­ ген әдебиет сыншылары мен жазушылар қазіргі заман рома­ны­ ның басты кемшілігі – көп сөзділігі, яғни бейнеліліктен гөрі си­ паттаудың басымдылығын атап өтеді. Нағыз қажетті жайларды сұрыптап, талғаммен беру, құбылысты суретке түсіргендей, дәл бейнелеуге әуестікті сынға алады. Романдағы эпизодтар, автор­ лық ойлар, баяндаулар, т.б. көркем элементтер құрылымын дұрыс жеткізіп, идеялық мазмұнды көмескілеп тұратын тұстарын дәл көрсету – зерттеушінің басты міндеті. Романда әртүрлі оқиғалар, құбылыстар, көптеген адам тағдырлары, баяндаудың әралуан элементтері, сипаттау және мінездеу, диалогтар мен монолог­ тар, лирикалық шегіністер, мәтінді құрудың түрлері қамтыла­ ды. Дұрыс таңдалған, мұқият ойластырылған композициялық құрылым, сюжеттік шешім баяндаудың бар түрін бір жүйеге үйлесімді түрде біріктіреді. Көркем шығарма дегеніміз мазмұны мен пішіні біртұтас бүтін жатқан дүние. Оның идеясын, мазмұны мен ой тереңдігін немесе идея мен формасын бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Демек, әр қайсысын әртүрлі әдіспен бөлек – бөлек қарастыруға да болмайды. Проза шығармаларын талқылауда зерттеуші бірінші кезекте мазмұн мен түр үйлесімділігіне ерекше мән береді. Көркем шығарманың эстетикалық әсері әрқашан образ мәселесімен тікелей байланыста және әрбір суреткердің өз шығармасында өмір шындығын адам образы арқылы ашатындығы, сол арқылы заман үнін, дәуір шындығын бейнелейтіні белгілі. Бұл тұста зерттеуші алдына кейіпкердің іс-әрекетімен, сөйлеу ерекшелігімен қатар, оның күрделі, құпиялы ішкі-жан-дүниесін, сезімін, түрлі сәттегі қалпын дәл көрсету міндеті қойылады. Енді әдебиетші кейіпкер психологиясына терең зерттеу жасауға мәжбүр, міне бұл тұс – автор мен әдебиетшінің ойының, қиялының, ізденісінің, шығармашылық ерекшеліктерінің тоғысар, үндесер тұсы. Қай көркем шығарманы алсақ та, ондағы өмір шындығы адам образы арқылы ашылатыны белгілі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет