Көркем - технологиялық тәсіл. Бұл бейнелеу өнерінің материалдары, құралдары, заңдары мен ережелері туралы білімдерін пайдалану, жобалау және модельдеу және шығармашылық объектілерді дайындаудың технологиялық бірізділігін таңдау мәселелерін шешуге бағытталған оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті.
Ақпараттық-коммуникациялықтехнологиялардыпайдалану. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі АКТ-ның негізгі дағдыларына негізделген, қарым-қатынас үшін технологияны дұрыс және шығармашылықпен пайдалануды қамтиды.
Бұл тәсілдерді іске асыру мыналар арқылы жүзеге асырылады:
- оқушылардың пікіріне құрметпен қарау, олардың бойында бар құзыреттіліктерді одан әрі дамыту үшін пайдаланудың маңыздылығын мойындау;
мұқият таңдалған іс-әрекеттер мен тапсырмалар арқылы жүзеге асырылатын дамытушы және ынталандырушы оқыту;
оқушыларға түсінікті мысалдар арқылы мәселелерді шешу стратегияларын құру;
оқушылардың жеке, топтық және ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру;
мұғалімнің басшылығымен бірлескен ұжымдық және топтық іс-әрекет дағдыларын шығармашылық жұмыс процесінде меңгеру;
шығармашылық міндеттер оқушының көркемдік құралдары тұрғысынан белгілі бір тақырыпта сыныптастарының жұмысын талдау және талқылау қабілеті қалыптасады.