Қазақстан республикасының ОҚу-ағарту



бет11/32
Дата15.10.2023
өлшемі14,36 Mb.
#115464
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
Байланысты:
Методичка ОН 2,1 (1)

Бақылау сұрақтары:
1. «Центр управления сетями и общим доступом» компонентінің қызметі?
2. «Центр управления сетями и общим доступом» компонентін ашу жандармы?
3. Желілік орналасу түрлерін сипаттаңыз?
4. Желі картасы дегеніміз не және қандай түрлері бар?
5. Желі картасын құру үшін қандай хаттамалар жауап береді?
6. Қандай жағдайларда желі картасын көру мүмкін емес?
7. "Желілік қосылымдар" терезесін ашудың қандай тәсілдері бар?
8. Пайдаланушы әдетте кез келген желілік қосылымға қатысты қандай әрекеттерді орындай алады?
9. Қосылу диагностикасының құралдарын қандай тәсілдермен шақыруға болады?

7 практикалық сабақ тақырыбы: DHCP протоколын қолдану. DHCP сұрауы. DHCP растау Жұмыс мақсаты: желі тораптарына IP адрестерді дұрыс автоматты түрде беруді қамтамасыз етуді меңгеру.


Сабақтың ұзақтығы (академиялық сағатпен): 6 сағат
Қажетті ресурстар: Интернет желісі, ДК, Cisco Packet Tracker бағдарламасы


Қысқаша теориялық мәліметтер:
DHCP (ағыл.Dynamic Host Configuration Protocol) динамикалық түрде түйінді баптау хаттамасы болып таблылады. Бұл желі хаттамасы желідегі компьютерлерге IP-адресті автоматты түрде алуға және кейбір параметрлері TCP/IP жұмыс істеуіне қажет.
Хаттама сервер-клиент үлгісі бойынша жұмыс істейді. Конфигурацияны автоматтау кезде, клиент желі құрылғысы DHCP серверге IP-адресті бер деп сұрау жібереді содан соң өзіне керекті параметрлерді алады.
Бұндай жағдайда желі администраторы IP-адрес ауқымын өзі береді. Осы арқылы ол адрестерді пайдаланушыларға автоматы түрде беріледі және қате болмайды. IP-адрестің DHCP хаттама арқылы тарамданатын үш әдісі бар: а) бірінші қолмен тарату. Бұл жағдайда желі администраторы аппараттық адреспен келістіре отырып, әрбір клиентке IP-адрес береді. Бұның қолмен баптағаннан айырмашылығы адрес туралы ақпарат орталық базада сақталады сондықтан оны өзгерту оңай;
б) екінші автоматы түрде тарату. Бұндай жағдайда әрбір компьютерге тұрақты пайдалануға кез келген администратор тағайындаған IP-адрес ауқымынан беріледі;
в) үшінші – динамикалық түрде тарату, ол жоғары екінші әдіспен бірдей бірақ адрес компьютерге көрсетілген күнге дейін беріледі, бұны жалға берілген адрес теп атауға болады. Берілген уақыты біткен соң адрес босатылады жаңадан адресті қайта сұрау керек немесе клиентің өзі ол адрестен бас тартуы мүмкін.
IP-адрестен басқа DHCP клиентке қосымша басқа да параметрлерді ұсынуы мүмкін ол желінің жақсы жұмыс істеуіне әсер етеді, оны DHCP опциясы деп атайды.
Жиі қолданылатын опцияны көрсетейік:

  • маршрутизатордың IP-адресі;

  • қосымша желінің маскасы;

  • DNS сервердің адресі және DNS доменің аты.



1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет