Библиографиялық тізім Қосымша А Қосымша Б Түсіндірме жазба
Мақсаты: Ақпараттық жүйелерді (АЖ) басқарудың мақсаттарын, міндеттерін, құралдары мен әдістерін және MS Windows операциялық жүйелері, Cisco Packet Tracer желілерді модельдеу бағдарламасы базасында ақпараттық жүйелерді басқарудың практикалық негіздерін меңгеру.
Міндеттері:
әр түрлі қолданбалы АЖ-ны басқару дағдыларын меңгеру;
Cisco Packet Tracer көп функциялы желілік модельдеу бағдарламасымен жұмыс істеудің теориялық және практикалық дағдыларын меңгеру;
кіру тізімдерімен, Access List, пакеттік сүзгілермен, жабдыққа қол жеткізуді, шектеумен жұмыс істеуді меңгеру
Компетенциялар:
Windows операциялық жүйесінің файлдық жүйесімен жұмыс істеу әдістерін меңгереді;
Монитор экранындағы берілген ақпараттарды қабылдағанда, пернетақтамен жұмыс істегенде еңкеймей, кеудені тік ұстап, назарыңыз экран ортасында болатындай етіп орналастыру қажет;
Оқытушы тапсырмасы мен түсініктемесін мұқият тыңдап, жұмыстың мақсаты мен нәтижесін ұғыну керек, қажет болған жағдайда оқытушыға беру керек;
Жұмысты тіркеу журналына ДК-де жұмысты бастау уақытын толтыру керек, жұмысты оқытушының рұқсатымен ғана бастау керек.
ДК-де жұмыс істеу барысында монитор экраны электромагниттік сәуле шығару көзі болып табылады, сондықтан экранға өте жақын отыру көзге жайсыз әсер етеді, жұмыс істеу қабілеттілігін төмендетіп шаршатады.
ЭЕМ-мен жұмыс істеу кезінде одан 60-70см қашықтықта, бірақ монитор экранынан кем дегенде 50см қашықтықта қисайып, еңкейіп, жатып алмай, денені тік ұстап отыру қажет. Тұрақты көзәйнегі бар оқушылар көзәйнекпен жұмыс істеуі керек.
ДК-де жұмыс істеу үлкен назар аударып, айқын қимылдар жасап, өзін-өзі бақылап отыруды қажет етеді.
Әлсіз жарықтандырылған және адам өзін-өзі нашар сезінген жағдайда жұмыс істеуге болмайды.