Қазақстан республикасының ОҚу-ағарту



бет13/32
Дата15.10.2023
өлшемі14,36 Mb.
#115464
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Байланысты:
Методичка ОН 2,1 (1)

Бақылау сұрақтары:

  1. DHCP хаттамасы.

  2. DHCP опциясы.

  3. Маршрутизатордың IP-адресі;

  4. Қосымша желінің маскасы;

  5. DNS сервердің адресі және DNS доменің аты.

8 практикалық сабақ тақырыбы: Жергілікті адрестерді сыртқы адрестерге тарату үрдісі. Network Address Translation-мен жұмыс
Жұмыс мақсаты: жеке IP адрестері негізінде жергілікті желінің адрестелуін баптауды меңгеру.
Сабақтың ұзақтығы (академиялық сағатпен): 270 минут


Жұмыс тапсырмасы
- NAT - Network Address Translation қызметімен танысу.
- Коммутаторға VLAN арқылы сегменттер құру;
- Router1 роутерін баптау;
- NAT көмегімен интернет желісіне қосылуды баптау;
- Сыртқы желіден жергілікті серверге қатынауды баптау.
Тәжірибелік жұмысты орындауға қажетті бейнематериал:
Cisco Packet Tracer. Network Address Translation


Теориялық мәліметтер
NAT - Network Address Translation IP адреcтерді ауыстыру үшін қызмет етеді. Негізінен жергілікті желілерде 192.168.1.XXX адрестері немесе осы тектес адрестер қолданылады, міне осы ауқымды желі интернетінде маршрутизатордың мәселесін туғызады, өйткені желіде IP адрестер қайталанбау керек. Осы мәселені шешу үшін NAT жергілікті желідегі компьютерлері жергілікті роутер интерфейсіне қосылады, одан IP адрес және шлюз алады (шлюзді роутер басқарады), ал WAN интерфейс роутері интернетке қосылады.

NAT трансляциясының принципі:


• Кез-келген компьютерден жергілікті желіге сұраныс жасалады, мысалға, сіз кез-келген сайтқа шыққыңыз келеді – компьютер осы сұранысты шлюздің адресіне жібереді, яғни біздің роутерге.
• Роутер осы сұранысты алу арқылы, сіздің компьютеріңізді бастаушы байланысы ретінде жазып қояды, осыдан кейін сіздің пакетіңіздің көшірмесі құрылады және бағытталған адрес бойынша жіберіледі, бірақ роутер атынан және оның IP адресінен, ал сіздің пакетіңіз жойылады.
• Сервер, сол жіберілген сұранысты өңдейді және жауапты әрине роутердің адресіне жібереді. Ал роутер болса оны күтіп отырады, сіздің компьютеріңіздің сұранысыңызға жауап келу керек, осы келген сұранысты сіздің компьютеріңізге жібереді. Басқаша айтқанда, барлық байланысқан әрекеттер роутерде тоқталып отырады, тек сәтті болады егер роутер ұсынылған ресурсты сұраныс жасалған порт бойынша немесе онда Port Forwarding ережесі құрастырылса.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет