әлеуметтік - экономикалық жағдайларды теңестірудің тиімді жаңа тетіктері қажет.
Үкіметке облыстардың әкімдерімен бірлесіп,
2013 жылы
шағын қалаларды дамыту жөнінде бағдарлама
қабылдауды тапсырамын. Бұл
олардың базасында көптеген индустриялық жобалар жасай отырып, ұзақ мерзімге арналуы керек. Олардың міндеті –
өңірлердің салаларға мамандану жүйесін құруға
көмектесу, ірі агломерациялардың индустриялық
-
өндірістік серіктес қалаларына айналу, ақыр соңында,
жергілікті халықтың тұрмыс деңгейін арттырып, ауыл жастарын жұмыспен қамтамасыз ету.
(3) Бізге
көші - қон мәселелерін кешенді түрде шешу бойынша ел өңірлеріндегі еңбек нарығына ықпал
ететін шаралар қабылдау қажет.
Шектес елдерден келіп жатқан көші
-
қон ағынына бақылауды күшейту керек.
Перспективалық міндет ретінде біздің алдымызда шетелдік еңбек нарықтарына көптеп кетіп қалмауы үшін
отандық білікті мамандарға қолайлы жағдай жасау міндеті тұр.
Үкімет
2013 жылы
Көші - қон мәселелерін шешу жөнінде кешенді жоспар әзірлеп, бекітуі тиіс.
Ерекше назарды
шекарамен шектес аумақтарға аударған жөн. Олардың әлеуеті әлі толық ашылған жоқ.
Оларды өмір сүруге қолайлы ете түсу қажет. Үкімет облыстардың әкімдерімен бірлесіп, 2013 жылы шекарамен
шектес аудандарды дамыту жөнінде қосымша шаралар кешенін әзірлеуі
қажет.
Төртіншіден , біз
еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету және еңбек төлемі саясатын жаңғыртуға
тиіспіз.
(1) Әлемдік тұрақсыздықтың басты қатері –
жұмыссыздықтың өсуі. Елде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік
те, салалық та –
барлық
бағдарламалар, тек әлдебір
бөліктері емес, барлығы нақты жұмысқа орналастыруды
қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан Үкіметке және әкімдерге 2013 жылдың өзінде
-
ақ төмендегіні іске асыруды
тапсырамын:
Кәсіпкерлікті дамыту және бизнесті қолдау жөніндегі бұрын қабылданған барлық бағдарламаларды
ықпалдастыру.
Бюджеттік қаражатты жұмыссыздардың және кірісі аз адамдардың
көрсеткіші жоғары өңірлерге бөлу
тетіктерін әзірлеу.
Бұл жаңартылған бағдарламаның орындалуына жауапты ретінде мен Премьер
-
Министрдің жеке өзі мен
әкімдерді бекітемін.
(2) Бұдан жарты жыл бұрын,
«Әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты
мақалам жарияланған соң