Қазақстан республикасының президенті – елбасы н.Ә. Назарбаевтың



Pdf көрінісі
бет43/72
Дата25.11.2023
өлшемі1,61 Mb.
#126513
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72
Байланысты:
httpsprimeminister.kzassetsmediaazastan-2050-strategiyasy.pdf

әйел затына –
 
анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметті қайта оралтуға
 
тиіспіз.
Біз ананы қорғап
-
қолдауымыз керек. Мені отбасында әйелдер мен балаларға тұрмыстық зорлық
-
зомбылық 
көрсету жайттарының көбеюі алаңдатады. Әйелді құрметтемеу деген болмау керек. Бірден айтайын, ондай 
зорлық
-
зомбылықтың жолы қатаң түрде кесілуі тиіс.
Мемлекет әбден асқынған жыныстық құлдыққа, әйелге тауар ретінде қарайтын көзқарасқа айрықша қатаң 
түрде тыйым салуға тиіс.
Біздің елімізде толық емес отбасылар көп. Мемлекет баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмектесуі 
керек.
Біз әйелдер үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызуымыз 
керек. Заң, мемлекет және мен біздің ханымдарымыздың жағындамыз.
Біз бұдан әрі де елімізде әйелдердің рөлі артуы үшін барлық жағдайды жасайтын боламыз. Қазіргі замандағы 
қазақстандық әйел қызмет істеуге ұмтылуы керек.
Әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқару ісіне белсене тартқан жөн, әсіресе, жергілікті деңгейдегі 
өңірлерде. Олардың бизнес ашып, оны жүргізуіне де қолайлы жағдай жасаған абзал.
Баланы қорғау
Бейбіт өмірдің өзінде бізде
мыңдаған жетімдер
бар –
балалар үйлері толы. Бұл, өкінішке қарай, 
жалпыәлемдік үрдіс және жаһанданудың сынағы. Бірақ біз бұл үрдіспен күресуіміз керек. Мемлекетіміз бен 
қоғамымыз жетімдерді асырап алуды және отбасы типіндегі балалар үйлері салынуын көтермелеуі қажет.
Ерлердің әйелдер мен балаларға мүлдем жауапсыз көзқарас танытқан оқиғаларының саны өсуде. Бұл біздің 
дәстүрімізге, мәдениетімізге тіптен жат.
Балалар –
қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар
құқықсыз болуға тиіс емес

Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын.
Біздің топырағымызда туған кез келген сәби –
қазақстандық. Және мемлекет оны қамқорлығына алуға тиіс.
Мен ажырасуға қарсымын, жастарды отбасы құндылығы, ажырасудың қасірет екендігі рухында тәрбиелеу 
керек, өйткені, оның салдарынан, ең алдымен, балалар зардап шегеді. «Әкесі қой баға білмегеннің баласы 
қозы баға білмейді». Бала тәрбиесі –
тек ананың емес, ата
-
ананың екеуінің де міндеті.
Ал болған іс болған екен, онда әке алимент төлеуге тиіс. Мемлекет жалғызбасты аналарды
қолдауы және 
алимент төлемегені үшін жазаны күшейтуі керек.
Бала тәрбиелеу –
болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы 
білім беруге ұмтылуымыз керек.


Мен өскелең ұрпақтың озық білім алуы үшін мүмкіндік туғызуға көп күш жұмсадым: «Балапан» бағдарламасы 
жүзеге асып, Зияткерлік мектептер, Назарбаев Университеті, «Болашақ» бағдарламасы жұмыс жасап жатыр.
Өздеріңіз білесіздер, оған тек дайындығы бар және дарынды балалар ғана өте алады. Баланы білім мен 
еңбекке дайындау –
ата
-
ананың борышы.
«Бар жақсылық балаларға» ұраны барлық ата
-
ана үшін қағидаға айналуы қажет.
Үкіметке:

ана мен баланы қорғау, сондай
-
ақ, отбасы және неке саласында заңнаманы түбегейлі қайта қарауды;

ана мен балаға қарсы бағытталған қылмыс үшін, сондай
-
ақ,осы саладағы ең ұсақ деген 
заңбұзушылықтар үшін жазаны күшейтуді;

туу мен көп балалы болуды ынталандыру жүйесін реформалауды –
жеңілдетілген салық, 
медициналық және әлеуметтік қызмет, еңбек нарығында жаңа мүмкіндіктер беру және сол сияқты 
материалдық және материалдық емес ынталандыруларды қамтитын шаралар кешенін әзірлеуді;

елде жыныстық ерекшелігі бойынша кемсітушілікке жол бермеу және іс жүзінде гендерлік теңдік пен 
әйелдерге ерлермен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл орайда мен сөзімді ең бірінші 
жұмыс берушілерге арнаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет