Қазақстан республикасының президенті – елбасы н.Ә. Назарбаевтың



Pdf көрінісі
бет20/72
Дата25.11.2023
өлшемі1,61 Mb.
#126513
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   72
Байланысты:
httpsprimeminister.kzassetsmediaazastan-2050-strategiyasy.pdf

қатер –
 
Үшінші индустриялық революция.
Адамзат
Үшінші индустриялық революция
табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. 
Технологиялық жаңалықтар
әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін
түбегейлі өзгертеді. 
Біз
бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше
 
технологиялық болмыста
өмір сүріп жатырмыз.
Цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген ғылыми жетістіктер 
қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін трансформациялап,
күнделікті ақиқатқа айналады.
Біз осынау үдерістердің белсенді қатысушылары болуға тиіспіз.
Сегізінші сын
-
қатер
 

 
үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық.
Қазіргі уақытта ең үлкен әлемдік проблемалардың бірі –
күшейе түскен әлеуметтік тұрақсыздық
. Оның 
негізгі себебі –
әлеуметтік теңсіздік.
Бүгінде әлемде екі жүз миллионға жуық адам жұмыс таба алмай отыр. Еуропалық Одақтың өзінде 
жұмыссыздық соңғы онжылдықтардағы ең жоғары деңгейге жетіп, көптеген жаппай тәртіпсіздіктерге түрткі 
болып отыр.
Мұның жанында Қазақстандағы ахуал біршама қолайлы болып отырғанын мойындау керек. Бүгінде біз бүкіл 
жаңа тарихымыз ішіндегі жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейіндеміз. Бұл, сөз жоқ, үлкен жетістік. Солай бола 
тұра, біз масаттануға тиіс емеспіз.
Әлеуметтік
-
саяси дағдарысқа ұласатын жаһандық экономикалық дағдарыс Қазақстанға сөзсіз қысым
көрсетіп, 
біздің төзімімізді сынаққа алатын болады.
Сондықтан күн тәртібіне әлеуметтік қауіпсіздік және әлеуметтік тұрақтылық мәселесі қойылады. Біз үшін 
маңызды міндет –
қоғамымыздағы әлеуметтік тұрақтылықты
нығайту.
Тоғызыншы сын
-
қатер –
 
өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы

Әлем ауыр дүниетанымдық және құндылық дағдарысты бастан кешіріп отыр. Өркениеттер қақтығысы, 
тарихтың ақыры, мультимәдениеттің күйреуін жариялайтын үндер жиі естіледі. Жылдар бойы сыннан өткен 
құндылықтарымызды қорғай отырып, біз үшін осынау кертартпа көзқарастан тартынуымыздың принципті 
маңызы бар. Өз тәжірибемізден білетініміз, біздің «осал тұсымыз» деп атаған көпэтностылығымыз бен 
көпконфессиялығымызды өз артықшылығымызға айналдыра алдық.
Біз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет