кредит саясатының жаңа жүйесін әзірлеу
қажет болады.
Мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару
саясаты
Біз
елдің мемлекеттік қарызының деңгейін тұрақты бақылауда ұстауға тиіспіз.
ІЖӨ
-
ге қатысты бюджет тапшылығын
2013 жылғы
2,1 %-
дан
2015 жылы
1,5 %-
ға дейін төмендету
керек.
Мемлекеттік қарыз аз мөлшерлі деңгейде қалуға тиіс. Бұл қағидатты міндет, өйткені, біз әлемдік тұрақсыздық
жағдайында бюджетіміздің тұрақтылығын және ұлттық қауіпсіздігімізді тек осылай ғана қамтамасыз ете
аламыз.
Экономиканың квазимемлекеттік секторы борышының деңгейін қатаң бақылау қажет.
Екіншіден, біздің инфрақұрылымды дамытуға деген қағидатты түрде жаңа көзқарасымыз болуға тиіс. Инфрақұрылым экономикалық өсімнің мүмкіндіктерін кеңейтуге тиіс.
Инфрақұрылымды екі бағытта дамыту:
ұлттық экономиканы жаһандық ортаға кіріктіру , сонымен
қатар,
ел ішінде өңірлерге қарай қадам жасау қажет.
Өз пайдамызды мұқият есептей отырып,
Қазақстанның шегінен тыс өндірістік көліктік - логистикалық объектілер құру үшін, елден сыртқа шығуға назар тіктеудің маңызы зор. Біз
қазіргі түсініктерімізден арылып ,
өңірде және барша әлемде –
Еуропада, Азияда, Америкада, мысалы, теңізге
тікелей шыға алатын елдердің порттары, әлемнің тораптық транзиттік нүктелеріндегі және тағы басқа,
көліктік
-
логистикалық хабтар секілді қазіргі заманғы кәсіпорындар құруға тиіспіз. Осы мақсатта
«Жаһандық инфрақұрылымдық интеграция» арнайы бағдарламасын әзірлеу қажет болады.
Біз өз
транзиттік әлеуетімізді дамытуға тиіспіз. Бүгінде нәтижесінде