ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, МЕРКІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ « ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ " КММ
ДМШ оқушыларына арналған коррекциялық жұмысының бағдарламасы
Жинақтаған: педагог-психолог Алпысбаева Р.Б.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, МЕРКІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ « ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ " КММ
ДМШ оқушыларына арналған коррекциялық жұмысының бағдарламасы Түсінік хат
Барлық адам білім алуға құқылы. Еліміздің 2002 жылғы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзу арқылы қолдау туралы» заңында даму мүмкіндігі шектелген барлық балалар психолого – медицина-педагогикалық кеңестің қорытындысына сәйкес арнайы түзету мекемелерінде және мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде тегін оқуға құқылы делінген.
Елімізде мүмкіндігі шектелген балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мәселесі төңірегінде бірқатар заң мен тұжырымдама қабылданған.
Атап айтсақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылы Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген. Сонымен қатар, 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» атауға болады. Бұл бағдараламаның басты міндеттерінің бірі – еліміздегі инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады. Мұндай білім мүмкіндігі шектеулі балаларды өзге оқушылармен тең дәрежеде жалпы білім беру процесіне қатыстыруға жол ашады .
Инклюзивтің басты мақсаты-мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру ғана емес, ол «барлығы үшін бір мектеп» мақсатын көздейді.
Инклюзивті оқыту мүмкіндігі шектеулі баланың жалпы білім беретін ортада әлеуметтенуі мен оның дамуына және оқыту процесінде баланың жетістіктерге жетуіне мүмкіндік туғызады.
Инклюзивті білім беру оқыту процесінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етеді.
Инклюзивті білім беру жайлы айтқанда жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндіктерін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие процесінің ерекшелігін де ескерген жөн. Ал бұл процесті жүзеге асыру үшін мектепте баланы психологиялық- педагогикалық қолдау қызметі ұйымдастырылуы қажет, сонымен қатар, баланың дамуына жағдай тудыратын балаға көмек қолын созуға дайын, кездескен мәселені дұрыс түсінуге негізделген педагогикалық және балалар ұжымында моральды-психологиялық климат орнауы қажет.
Қазіргі таң да жоғары да аталған Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беруді дамытудың жоспарын жүзеге асыру үшін, аудандық білім бөлімінің қолдауымен біздің мектепте «Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін орта мектепте инклюзивті оқыту» бағдарламасы құрылды. Мұндай балаларға әртүрлі категориялы балалар кіреді. Соның бірі психикалық дамуы тежелген балалар.
Коррекциялық жұмысының бағдарламасы келесі бөлімдерден тұрады:
Білім беру үрдісі жағдайында денсаулық мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың кешенді психологиялық-медициналық-педагогикалық сүйемелдеу жүйесі.
Бастауыш білім бағдарламаның негізінде даярланған кіріктіру мен түзету-дамытушылық жоспарлар мен бағдарламалар.
Коррекциялық іс шараларды түзету, бастауыш білім бағдарламасын игеру табыстылығы мен даму динамикасының мониторингі.
Мамандармен бірлесіп ДМШ баланы сыныпқа іс-шараларға кіріктірудің жоспарын жүзеге асыру, әдістемелік жұмыс жоспарына қажетті іс-шаралар кіріктіру, ата-ана мен мектептің өзара іс-әрекетін үйлестіру, ДМШ бала кіріктірілген сыныптың оқушыларымен жұмыстың негізін қалау механизмдері.
Достарыңызбен бөлісу: |