Қазақстан республикасының президенті – елбасы н.Ә. Назарбаевтың



Pdf көрінісі
бет45/72
Дата25.11.2023
өлшемі1,61 Mb.
#126513
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72
Байланысты:
httpsprimeminister.kzassetsmediaazastan-2050-strategiyasy.pdf

бағытта да мемлекеттік
-
жекеменшік 
әріптестігін
дамыту керек.

Жеке медицинаның дамуына жағдай жасау. Барлық дамыған әлемде медициналық қызметтердің 
айтарлықтай бөлігін жеке сектор көрсетеді. Біз жеке ауруханалар мен емханаларға тезірек көшуге жағдай 
туғызуға тиіспіз.

Заңнамалық деңгейде медициналық жоғары оқу орындары мен мекемелердің
халықаралық 
аккредитациясын
өткізуді бекіту.
Қазірге дейін
ауылдағы медициналық қызметтердің сапасы
жөнінде көп сын айтылады. Ал ауыл тұрғындары 
бізде бүкіл халықтың 43%
-
ын құрайды.


Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс.
Нақ сол саламатты өмір салты 
ұлт денсаулығының кілті болып саналады.
Алайда елде барлығы үшін қолжетімді спорт нысандары, 
спорт құрал
-
жабдықтары жетіспейді. Осыған байланысты Үкімет және жергілікті органдар дене шынықтыруды, 
бұқаралық спортты дамыту және типтік жобадағы
денешынықтыру
-
сауықтыру нысандары,
 
соның ішінде, 
аула нысандары құрылысы бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл жұмысты келесі жылы
-
ақ бастау керек.
4. БІЛІМ ЖӘНЕ КӘСІБИ МАШЫҚ –
 
ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ, КАДР ДАЯРЛАУ МЕН 
ҚАЙТА ДАЯРЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒДАРЫ
Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз 
керек.
Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең 
озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.
Сондай
-
ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл 
бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет