Мен өскелең ұрпақтың озық білім алуы үшін мүмкіндік туғызуға көп күш жұмсадым: «Балапан» бағдарламасы
жүзеге асып, Зияткерлік мектептер, Назарбаев Университеті, «Болашақ» бағдарламасы жұмыс жасап жатыр.
Өздеріңіз білесіздер, оған тек дайындығы бар және дарынды балалар ғана өте алады. Баланы білім мен
еңбекке дайындау –
ата
-
ананың борышы.
«Бар жақсылық балаларға» ұраны барлық ата
-
ана үшін қағидаға айналуы қажет.
Үкіметке:
ана мен баланы қорғау, сондай
-
ақ, отбасы және неке саласында заңнаманы түбегейлі қайта қарауды;
ана мен балаға қарсы бағытталған қылмыс үшін, сондай
-
ақ,осы саладағы ең ұсақ деген
заңбұзушылықтар үшін жазаны күшейтуді;
туу мен көп балалы болуды ынталандыру жүйесін реформалауды –
жеңілдетілген салық,
медициналық және әлеуметтік қызмет, еңбек нарығында жаңа мүмкіндіктер беру және сол сияқты
материалдық және материалдық емес ынталандыруларды қамтитын шаралар кешенін әзірлеуді;
елде жыныстық ерекшелігі бойынша кемсітушілікке жол бермеу және іс жүзінде гендерлік теңдік пен
әйелдерге ерлермен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл орайда мен сөзімді ең бірінші
жұмыс берушілерге арнаймын.
Достарыңызбен бөлісу: