Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басымдықтары (1) Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек.
Сіздер білесіздер, мен басты міндеті балаларымыздың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру болған
«Балапан» бағдарламасы бастамасын көтердім.
Ол жүзеге асырыла бастаған сәттен бері
3 956 жаңа балабақша мен шағын орталықтар іске қосылды.
Туу көрсеткішінің жоғарылығын, жалғасып жатқан демографиялық өсімді ескере келе, мен
«Балапан»
бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзартуға шешім қабылдадым.
Үкімет пен әкімдердің алдына балаларды
мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен 100% қамтуға қол жеткізу міндетін қоямын.
(2) «Қазақстан
-
2050» Жаңа бағытын ескере отырып, Үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үлгідегі
куәліктер беру арқылы
инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін
дамытуды
қамтамасыз етуді тапсырамын.
Кәсіби
-
техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте
ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты
еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді.
Жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп қалмауы тиіс. Олар қолданбалы және ғылыми
-
зерттеушілік бөлімшелерін құруы және дамытуы қажет.
Біз академиялық автономия кепілдігін берген жоғары оқу орындары тек оқу бағдарламаларын жетілдірумен
шектелмей,
өздерінің ғылыми - зерттеушілік қызметін де белсенді дамытуы тиіс.
(3) Жеке бизнестің, үкіметтік емес және қайырымдылық ұйымдарының, жеке адамдардың әлеуметтік
жауапкершілігі білім беру саласында айрықша көрінуі керек.
Бұл ең бірінші кезекте лайықты білім алуда оқу
ақысын өз бетінше төлей алмайтын